Қазақ халқының тарихын экран арқылы танытқан маңызды туындылардың бірі – «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясы. 2017 жылғы 19 наурызда оның алғашқы бөлімі көрерменге ұсынылды. Туындыда Қазақ хандығының құрылу кезеңі мен XV ғасырдағы тарихи оқиғалар баяндалады. Телехикаяның режиссері – Рүстем Әбдірашев. Сценарий Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына енген «Алмас қылыш» романының желісімен жазылған. Шығармада XV ғасырдағы Дешті Қыпшақ даласындағы саяси тартыстар, Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан билігінен бөлініп, дербес хандық құру жолындағы әрекеттері суреттеледі. Жәнібек ханның рөлін Еркебұлан Дайыров, ал Керей ханның бейнесін Қайрат Кемалов сомдаған.
Телехикая 10 бөлімнен тұрады. Оны түсіруге 500-ден астам адам қатысып, түсірілім жұмыстары бес айға созылған. Кинотуындының түсірілімі Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізілген. 2019 жылы жобаның жалғасы – «Қазақ хандығы: Алтын тақ» тарихи фильмі көрерменге жол тартты. Оның тұсаукесері 26 ақпанда Астанада өтті. Бұл туындыда хандықтың кейінгі кезеңіндегі саяси тартыстар, билік үшін күрес және Сығанақ қаласының маңызы баяндалады. Фильмнің режиссері де – Рүстем Әбдірашев. «Қазақ хандығы» – халқымыздың өткенін танытып қана қоймай, ұлттық бірлік пен мемлекеттіліктің маңызын ұғындыратын тарихи туынды. Ол көрерменге ел тарихын көркем шығарма арқылы тануға мүмкіндік береді.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Сайфутдин Айым

-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі