Әлем – 8 миллиард: бір планета, сан алуан мәдениет

    Бүгінде Жер шарында 8,2 миллиардтан астам адам өмір сүреді. Олардың әрқайсысы өзіндік тілімен, тарихымен, салт-дәстүрімен және дүниетанымымен ерекшеленеді. Әр халықтың мәдени мұрасы адамзат өркениетінің ортақ байлығын құрайды. Әр мемлекет өзіндік ерекшелігімен есте қалады. Мәселен, Жапония дәстүрлі кимоносы мен шай рәсімі арқылы танылса, Қазақстан қонақжайлылығымен, ұлттық домбырасы және киіз үйімен ерекшеленеді. Осындай мәдени айырмашылықтар әлемді сан қырлы әрі қызықты етеді.

Әлемді танудың бір жолы – саяхат. UN Tourism ұйымының мәліметінше, 2024 жылы халықаралық туристік сапарлар саны 1,4 миллиардқа жеткен. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан. Аталған дерек адамдардың өзге елдерді аралап, жаңа мәдениеттермен танысуға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.

Әлемнің байлығы – оның алуан түрлілігінде. Әр халықтың тарихы мен дәстүрін танып-білу арқылы біз өзге мәдениеттерге деген құрметті қалыптастырып, дүниетанымымызды кеңейтеміз. Өйткені бір-бірімізден ерекшеленгенімізбен, бәріміз ортақ ғаламшарда өмір сүретін адамзаттың бөлшегіміз.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Қайратқызы Назира


Ұқсас тақырыптар

Қайратқызы Назира
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)