Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі әрі әлем оқырмандарына қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танытқан шығарма. Жазушы бұл эпопеяны жазуға ұзақ жылдарын арнады. Алғашында «Телғара» деген атаумен жоспарланған туынды кейін Абайдың өмірі арқылы XIX ғасырдағы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тұрмысын және рухани дүниесін кеңінен суреттейтін төрт томдық эпопеяға айналды. Шығарманың алғашқы кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы, үшінші кітабы 1952 жылы, ал төртінші кітабы 1956 жылы жарық көрді.
«Абай жолы» мемлекеттік және халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. 1949 жылы Мұхтар Әуезовке «Абай» романының алғашқы екі кітабы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал 1959 жылы төрт томдық эпопеясы үшін Лениндік сыйлыққа ие болды. Шығарма әлемнің 116 тіліне аударылып, 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып жарық көрді. Француз жазушысы Луи Арагон эпопеяны «ХХ ғасырдағы ең таңдаулы шығармалардың бірі» деп бағалаған.
Бүгінде «Абай жолы» – қазақ әдебиетінің шеңберінен шығып, әлемдік оқырманға жол тартқан шығарма. Эпопея арқылы шетел оқырмандары қазақ халқының тарихымен, ұлттық болмысымен, әдет-ғұрпымен және рухани құндылықтарымен таныса алады. Мұхтар Әуезовтің бұл туындысы – ұлт тарихын көркем сөзбен өрнектеген, қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейде танылуына жол ашқан мәңгілік мұра.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Амирбекова Аружан

- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі