Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен цифрлық технологиялардың дамуы жастардың ақпарат алу және оны қабылдау дағдысын өзгертті. Соған қарамастан, кітап оқуға деген қызығушылықтың әлі де жоғары екенін көрсететін деректер бар.
2025 жылғы 14–18 сәуір аралығында eGov Mobile платформасында жүргізілген сауалнамаға 46 190 қазақстандық қатысқан. Зерттеу нәтижесі бойынша, респонденттердің 57,3%-ы кітапты тұрақты түрде оқитынын айтқан. Сондай-ақ 18–29 жас аралығындағы жастар мен 61 жастан асқан азаматтар белсенді оқырмандар қатарынан көрінген. Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 50,8%-ы қағаз кітаптарды, 28%-ы смартфон арқылы оқуды жөн көретінін көрсеткен. Ал электронды планшетті пайдаланатындардың үлесі 5,3%-ды құраған. Бұл деректер цифрлық технологиялар дамыған кезеңде де дәстүрлі кітаптың маңызын жоғалтпағанын аңғартады.
Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана (Kazneb.kz) платформасының да оқырмандары көбейіп келеді. 2025 жылдың алғашқы он айында кітапхана пайдаланушыларының саны 579 359 адамға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға жоғары. Сонымен қатар платформадағы материалдардың қаралымы да 37,5%-ға артқан. Кітап оқуға деген қызығушылықтың артуына әлеуметтік желілер де ықпал етіп отыр. Соның бірі – TikTok платформасындағы BookTok қауымдастығы. Мұнда оқырмандар кітаптарға шолу жасап, сүйікті шығармаларын таныстырады және өзара пікір алмасады. Осылайша, әлеуметтік желілер кітап туралы ақпарат таратып, жаңа шығармаларды оқырманға танытатын алаңға айналды. Кітап оқу – тек ақпарат алудың емес, ой-өрісті кеңейтіп, дүниетанымды қалыптастырудың да маңызды жолы. Цифрлық дәуірде оқу форматтары өзгергенімен, кітаптың қоғамдағы орны сақталып келеді.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Кенес Зере

- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі