Көнерген сөздер – ұлт тарихының тілдегі көрінісі

    Көнерген сөздер – қазіргі тілде сирек қолданылатын немесе қолданыстан шыққанымен, халқымыздың тарихы мен мәдениетін танытатын тілдік мұра. Олар тарихи сөздер мен архаизмдер болып екіге бөлінеді.

Тарихи сөздерге бұрынғы қоғамдық құрылым мен басқару жүйесіне қатысты атаулар жатады. Мысалы, хан, уәзір, жасауыл, болыс, старшын, ояз, дуан сияқты сөздер белгілі бір тарихи кезеңнің ерекшелігін танытады. Ал архаизмдер – қазіргі тілде басқа атаумен алмастырылған немесе бұрынғы мағынасында сирек қолданылатын сөздер. Оларға ләбіз, адырна, кіреуке секілді сөздерді жатқызуға болады. Рәбиға Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» еңбегінде көне сөздердің мағынасы, шығу тарихы мен қолданыс ерекшеліктері талданады. Бұл зерттеу қазақ тілінің тарихи лексикасын тануға мүмкіндік береді. 2000–2011 жылдары жарық көрген 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» 92 300 сөз бен 57 856 сөз тіркесі қамтылған. Басылым қазақ тілінің бай лексикалық қорын жинақтаған маңызды еңбек саналады.

Көнерген сөздерді зерттеу – өткен тарихты танудың, ұлттық тіл байлығын сақтаудың және оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңызды жолы.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Буркитхан Жанмарал


Ұқсас тақырыптар

Буркитхан Жанмарал
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)