Жануарлардың табиғи апат алдындағы тосын әрекеті

   Жануарлардың табиғи апат алдында әдеттен тыс әрекет етуі адамзатты ежелден қызықтырады. Б.з.д. 373 жылы ежелгі Грекиядағы Хелике қаласында жер сілкінісіне дейін егеуқұйрықтар, жыландар мен басқа жануарлар мекенін тастап кеткені туралы тарихи деректер бар. Қазіргі ғалымдар да бұл құбылысты зерттеп келеді.

2011 жылы Перудегі Яначага ұлттық паркінде тоғыз камера арқылы жабайы жануарлардың қозғалысы бақыланған. Зерттеу нәтижелері 2015 жылы жарияланды. Ғалымдар 7,0 магнитудалы жер сілкінісіне дейінгі кезеңде, шамамен 20–23 күн бұрын, жануарлар белсенділігінің төмендегенін байқаған. Алайда бұл – бір зерттеудің нәтижесі, оны барлық жануарларға ортақ заңдылық деуге болмайды.

Тағы бір мысал – 1975 жылғы 4 ақпанда Қытайдың Хайчэн қаласында болған 7,3 магнитудалы жер сілкінісі. Апат алдында жануарлардың оғаш әрекеттері байқалғаны туралы хабарлар тараған. Қала тұрғындарын эвакуациялауға жер сілкінісінің алдын ала байқалған әлсіз дүмпулері мен басқа да геофизикалық белгілер әсер еткен. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жануарлардың мінез-құлқы мен жер сілкінісі арасында тұрақты әрі сенімді байланыс ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген. Сондықтан олардың әрекетін табиғи апаттың нақты белгісі деп қабылдауға болмайды.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Оңалбай Сымбат 


Ұқсас тақырыптар

Оңалбай Сымбат
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)