Мектептегі білім сапасын бағалауда оқушының алған бағасы мен нақты меңгерген білімі қатар қарастырылады. Алайда жоғары баға әрдайым білімнің терең меңгерілгенін білдіре бермейді. Бұл – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктері критериалды бағалау жүйесі арқылы анықталады. Оның құрамына қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау кіреді. Бұл тәсілдер оқушының оқу барысындағы жетістіктерін бақылап, білім деңгейін анықтауға бағытталған.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) PISA-2025 зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы 15 жастағы оқушылардың 44%-ы математикадан, 36%-ы оқу сауаттылығынан, ал 52%-ы жаратылыстану пәндерінен кемінде екінші деңгейге жеткен. PISA зерттеуі оқушылардың білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану қабілетін бағалайды. Бұл нәтижелер білім сапасын тек мектеп бағасымен өлшеу жеткіліксіз екенін аңғартады. Оқудың басты мақсаты – жоғары баға алу ғана емес, алған білімді өмірде қолдана білу.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Рустембек Қазына

- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі