Қазақ әдебиетінде адам тағдырын терең суреттеп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін шығармалардың бірі – Дулат Исабековтің 1967 жылы жазылған «Гауһартас» психологиялық повесі. Шығармада отбасындағы мейірімсіздік, әйелдің жан дүниесі мен адамдық қадір-қасиеті мәселелері қозғалады. Салтанат – мейірімді, әнші, арманшыл, жүрегі нәзік жан. Ол Тастанның жары болғанымен, өз шаңырағында жылулық пен түсіністікке зәру. Оның әні – ішкі жан дүниесінің көрінісі, ал үнсіздігі – айтылмай қалған мұңның белгісі. Тастанның жарына салқын қарым-қатынасы мен қаталдығы Салтанаттың тағдырына ауыр әсер етеді. Бұл арқылы жазушы отбасындағы түсіністік пен сыйластықтың маңызын көрсетеді.
Шығарма көтерген мәселе бүгінгі қоғам үшін де өзекті. Кейбір отбасыларда келіннің еңбегі бағаланбай, сезімі мен жеке қалауы ескерусіз қалатын жағдайлар кездеседі. Алайда келін де – өз арманы, мақсаты мен сезімі бар жеке тұлға. Оның қадір-қасиетін құрметтеу – отбасындағы сыйластықтың негізі. 1975 жылы «Қазақфильм» киностудиясы повесть желісімен режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» көркем фильмін түсірді. Фильмнің бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылы Мәскеуде өтті. Шығарма мен кинотуынды Салтанаттың тағдыры арқылы адамға тірісінде мейірім көрсетудің маңызын ұғындырады. Адамның қадірін жоғалтқаннан кейін емес, қасында жүргенде бағалай білу керек. Өйткені отбасының берекесі қаталдықтан емес, мейірім мен өзара құрметтен басталады.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Сүлеймен Нұрайлым

- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі