Қазіргі қоғамда әйел көшбасшылығының маңызы артып келеді. Әйелдердің кәсіпкерлікке, мемлекеттік басқаруға және қаржы саласына араласуы елдің экономикалық әрі қоғамдық дамуына ықпал етеді. Олардың басшылық қызметтерге келуі кәсіби мүмкіндіктердің кеңеюіне және басқару саласында гендерлік теңдіктің қалыптасуына жол ашады. Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің 55,8%-ын әйелдер құраған. Алайда басшылық лауазымдардағы үлесі 39,1% болған. Бұл мемлекеттік қызметтегі әйелдердің жалпы үлесі мен басшылық қызметтегі өкілдігі арасында айырмашылық бар екенін көрсетеді.
Қазақстандағы әйел көшбасшыларының бірі – Үміт Болатханқызы Шаяхметова. Ол 2009 жылдың қаңтарынан бері Halyk Bank басқарма төрайымы қызметін атқарып келеді. 2025 жылғы аудиттелген есеп бойынша, банктің активтері 20,908 трлн теңгеге, ал таза пайдасы 1,058 трлн теңгеге жеткен. Әйел көшбасшылығы – тек жеке жетістік емес, қоғамдағы тең мүмкіндік пен кәсіби әлеуеттің көрінісі.Әйелдердің шешім қабылдау үдерісіне қатысуы басқару саласындағы көзқарастардың әртүрлі болуына және жаңа бастамалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Құмархан Аяна

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі