Ұмытылған тұлғалар: Қазақ тарихындағы еңбегі кеңінен таныла бермейтін қайраткерлер мен ғалымдар

    Қазақ тарихында ғылым мен ағартушылықтың дамуына үлес қосқан тұлғалардың бірі — Халел Досмұхамедұлы (1883–1939). Ол дәрігер, ғалым, ұстаз әрі Алаш қозғалысының қайраткері болды. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық академияға түсіп, 1909 жылы оқу орнын үздік бағамен аяқтады. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күреске қатысты. Медицинамен қатар тарих, тіл және табиғаттану салаларын зерттеп, қазақ тіліндегі ғылыми білімнің дамуына елеулі үлес қосты.

Нәзипа Құлжанова (1887–1934) — ағартушы-педагог, журналист, аудармашы және этнограф. Ол 1887 жылғы 27 шілдеде Торғай өңірінде дүниеге келген. 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіндегі «Азамат серіктігі» тобына мүше болды. 1914 жылғы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай Семейде әдеби кеш ұйымдастырды. Кейін «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» басылымдарында әйелдер құқығы, білім мен мәдениет мәселелерін көтерді. Оның «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) және «Ана мен бала» (1927) атты еңбектері бала тәрбиесі мен мектепке дейінгі білім беру мәселелеріне арналды.

Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Құдайберген Жұбанов (1899–1938) 1899 жылғы 19 желтоқсанда қазіргі Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келген. Ол 1914–1916 жылдары Орынбордағы «Хұсайния» медресесінде, кейін Жұрын мен Елек қалаларындағы оқу орындарында білімін жалғастырды. 1928 жылы Ленинградтағы Шығыс тілдері институтын бітіріп, 1929–1932 жылдары аспирантурада оқыды. 1932–1937 жылдары Қазақ педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын басқарды. 1932 жылы профессор атағын алды. Қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы мен сөйлем құрылысын зерттеді. 1937 жылғы 19 қарашада тұтқындалып, 1938 жылғы 25 ақпанда атылды. 1957 жылғы 3 қазанда ақталды. Бұл тұлғалардың өмір жолы қазақ қоғамының медицина, ғылым, білім және журналистика салаларының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін көрсетеді. Олардың еңбектерін танып-білу — ұлттық тарихымызды тереңірек түсінудің маңызды бөлігі.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Оңалбай Сымбат 


Ұқсас тақырыптар

Оңалбай Сымбат
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)