Ninety One: 91 санының астарында қандай тарих бар?

Ninety One: 91 санының астарында қандай тарих бар?

Қазақстандық Ninety One тобының тарихы 2014 жылы «K-Top Idols» жобасынан басталды. Алғашында KTI-boys деп аталған ұжым бір жарым жылдық дайындықтан кейін, 2015 жылғы 1 қыркүйекте Ninety One атауымен «Айыптама» атты дебюттік синглін жарыққа шығарды.

Топтың алғашқы құрамы бес мүшеден тұрды: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. 2015 жылғы 8 қазанда«Айыптама» әнінің бейнебаяны көрерменге ұсынылды. Ол Gakku TV арнасының Top-10 хит-шеруінде 20 апта бойы бірінші орында тұрды. Ал 1 желтоқсанда топтың «Айыптама» атты алғашқы мини-альбомы таныстырылды.

2016 жылғы 2 маусымда «Қайтадан» әнінің бейнебаяны жарық көрді. Бұл туынды да Gakku TV арнасының Top-10 хит-шеруінде 20 апта бойы көш бастады. 2020 жылы A.Z. топтан кетті. Ал Ninety One атауындағы 91 саны Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылмен байланысты. Бұл атау топтың шығармашылық еркіндік идеясын да білдіреді.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Атағожа Жанел


Ұқсас тақырыптар

Атағожа Жанел
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)