«Заманback 2»: өткеннің өнегесі, бүгіннің сабағы

Уақытқа саяхат арқылы отбасы мен достықтың қадірін ұғындыратын фильм

Қазақ киносы көрерменге түрлі жанрдағы туындылар ұсынып келеді. Солардың бірі – режиссер Дархан Сәркеновтің «Заманback 2» комедиясы. Фильм 2026 жылғы 22 қазанда Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастады.

Туындының басты кейіпкері Азат махаббатты әлсіздік деп қабылдап, отбасын екінші орынға қояды. Алайда күтпеген жерден ол қазіргі уақыттан 1992 жылға тап болып, жас әкесімен кездеседі. Осылайша, Азат әкесінің өзі дүниеге келмей тұрып өткен өмірімен танысады. Әкесінің және оның жақын досы Беканың өткенін түсінуге тырысқан кейіпкер түрлі оқиғаларға араласады.

Фильмнің негізгі тақырыбы – отбасы, махаббат пен достықтың қадірі. Өткен кезеңге саяхаттау арқылы Азат жақындарының өміріне басқа қырынан қарап, өз көзқарасын қайта пайымдайды. «Заманback 2» – өткен мен бүгінді байланыстыратын комедиялық туынды. Фильм көрерменге уақытты кері қайтару мүмкін болмаса да, жақын адамдардың қадірін дер кезінде түсіну маңызды екенін еске салады.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Сайфутдин Айым


Ұқсас тақырыптар

Сайфутдин Айым
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)