Уақыттың ұрлануы: телефонға тәуелділік

Смартфонды шамадан тыс пайдалану күнделікті өмірге қалай әсер етеді?

Бүгінде смартфон күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Ол ақпарат іздеуге, білім алуға және адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Алайда оны шектен тыс пайдалану уақыттың босқа өтуіне себеп болуы мүмкін.

DataReportal ұйымының 2025 жылғы есебіне сәйкес, интернет пайдаланушылары әлеуметтік желілерде күніне орта есеппен 2 сағат 21 минут өткізеді. Бұл көрсеткіш әлеуметтік желілердің күнделікті өмірде алатын орнының артқанын аңғартады. Мамандар смартфонсыз қалудан немесе оны пайдалана алмаудан қорқуды «номофобия», ал бетпе-бет әңгімелесу кезінде телефонға алаңдап, қасыңдағы адамды елемеуді «фаббинг» деп атайды. Әсіресе TikTok пен Instagram желілеріндегі қысқа бейнелерді қарау бастапқыда жоспарланған уақыттан ұзаққа созылуы мүмкін.

Телефонды шамадан тыс пайдалану ұйқы тәртібіне кері әсер етіп, күнделікті міндеттерге бөлінетін уақытты қысқартуы ықтимал. Сондықтан экран алдында өткізетін уақытты бақылап, қажетсіз хабарламаларды шектеп, ұйқы алдында телефоннан алшақ болған жөн. Уақыт – орны толмас құндылық. Смартфон өмірімізді жеңілдететін құрал болғаны дұрыс, алайда оған тәуелді болып, күнделікті тіршілігімізді екінші орынға ысыруға болмайды.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Мусина Аяжан


Ұқсас тақырыптар

Мусина Аяжан
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)