Дзюдо – 1882 жылы Жапонияда пайда болған жекпе-жек өнері. Оның негізін жапон педагогі Дзигоро Каноқалаған. Ал 1964 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында дзюдо алғаш рет олимпиадалық спорт түрі ретінде ұсынылды.
Қазақстандық дзюдошылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Елдос Сметов алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістіктер Қазақстан дзюдосының халықаралық деңгейдегі әлеуетін көрсетті. Әйелдер дзюдосында да Қазақстанның атын танытып жүрген спортшылар бар. Солардың бірі – Әбиба Әбужақынова. Ол 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел қоржынына маңызды жүлде салды.
Дзюдо – тек спорттық бәсеке емес, тәртіп пен табандылықты қалыптастыратын тәрбие мектебі. Бұл спорт түрі жасөспірімдерді сабырлыққа, жауапкершілікке және қарсыласын құрметтеуге баулиды. Сондықтан дзюдоны дамыту – ел спортының дамуына ғана емес, жас ұрпақтың бойында маңызды қасиеттерді қалыптастыруға да ықпал етеді. Әрбір спортшының жетістігі – Қазақстан спортының халықаралық аренадағы абыройын арттыратын маңызды қадам!
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Қайратқызы Назира

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі