Қазіргі қоғамда жоғары білім алу маңызды. Дегенмен университетке түсетін жастардың мақсаты әртүрлі. Бірі кәсіби білім мен тәжірибе жинауға ұмтылса, енді бірі үшін диплом алу басты мақсатқа айналған. Мұндай жағдайда оқу орнын аяқтағанымен, түлектің таңдаған мамандығы бойынша қажетті дағдылары жеткіліксіз болуы мүмкін.
ЭЫДҰ-ның (OECD) 2025 жылғы Education at a Glance есебіне сәйкес, бакалавр дәрежесі бар 25–64 жастағы адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі ұйымға мүше елдерде орта есеппен 86%-ды құраған. Бұл жоғары білімнің еңбек нарығындағы маңызын көрсетеді. Қазақстанда да түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішіне назар аударылып келеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 2023 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингі бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің орташа жұмысқа орналасу көрсеткіші 82,8%-ды құраған.
Алайда жұмысқа орналасу үшін дипломның болуы жеткіліксіз. Маманның кәсіби білімі, тәжірибесі мен практикалық дағдылары да маңызды. Мәселен, журналист болуды таңдаған адам мақала жазуды, ақпаратты тексеруді және сұхбат алуды меңгеруі қажет. Себебі оның кәсіби деңгейі алған дипломымен ғана емес, дайындаған материалдарының сапасымен де бағаланады. Диплом – кәсіби жолдың бастауы, ал біліктілік – үздіксіз ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Сондықтан университет қабырғасында өткізген жылдар тек диплом алуға емес, болашақ маман ретінде қалыптасуға арналуы керек.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Батырбек Аяулым

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі