«Атырау» «Каспийден» басым түсті: тартысты кездесу 3:2 есебімен аяқталды

   2026 жылғы 10 қарашада Шымкент қаласында футзалдан «Атырау» мен Ақтаудың «Каспий» командалары арасында кездесу өтті. Екі команда арасындағы тартысты ойын 3:2 есебімен «Атыраудың» жеңісімен аяқталды.

Кездесудің 6-минутында «Каспий» ойыншысы Абылай Балықпай есеп ашып, командасын алға шығарды. Бірінші таймның аяқталуына 40 секунд қалғанда ақтаулық команда өз қақпасына автогол соғып алды. Осылайша, үзіліске дейін есеп теңесті.

Екінші таймның 8-минутында «Атыраудың» 14-нөмірлі ойыншысы Заңғар Нәғим гол соғып, командасын алға шығарды. Алайда «Каспий» ойыншылары кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда есепті қайта теңестірді. Ойынның соңғы секундтарында қос команда да жеңіске жетуге ұмтылды. Матчтың аяқталуына небәрі 20 секунд қалғанда Қуаныш Нұрбол шешуші голды соғып, «Атырауға» жеңіс сыйлады. Осылайша, тартысты кездесу 3:2 есебімен «Атырау» командасының пайдасына шешілді. Шешуші гол ойынның соңғы сәтінде соғылып, кездесудің тағдырын анықтады.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бекболат Назерке


Ұқсас тақырыптар

Бекболат Назерке
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)