Жасанды интеллект адамды алмастыра ма?

   Бүгінде жасанды интеллект адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ол мәтін жазу, сурет салу, ақпаратты талдау, тіпті жаңалық жүргізу сияқты міндеттерді орындай алады. Осыған байланысты технологияның қарқынды дамуы болашақта адам еңбегінің орнын толық баса ала ма деген сауал туындайды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2025 жылғы есебіне сәйкес, 2030 жылға дейін әлемде 170 миллион жаңа жұмыс орны ашылып, 92 миллион жұмыс орны қысқаруы мүмкін.Бұл технологиялық дамудың еңбек нарығына айтарлықтай өзгеріс әкелетінін көрсетеді. Мамандардың пікірінше, жасанды интеллектіні адамға бәсекелес емес, оның мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші құрал ретінде қарастырған жөн. Себебі ол көптеген міндетті жылдам әрі тиімді орындағанымен, адамның шығармашылық ойлауын, эмоциялық сезімін және шынайы қарым-қатынас жасау қабілетін толық алмастыра алмайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда да жасанды интеллект технологиялары түрлі салаларға енгізіліп келеді. Атап айтқанда, ақпарат құралдары, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында оны қолдану мүмкіндіктері артып отыр. Сонымен, жасанды интеллект адамды алмастыра ма? Толықтай алмастыра алмайды. Алайда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білетін адамдар болашақта еңбек нарығында басымдыққа ие болады. Сондықтан цифрлық сауаттылықты арттыру, жаңа технологияларды меңгеру және үнемі білім жетілдіру – заман талабы.

Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Қайрат Алина


Ұқсас тақырыптар

Қайрат Алина
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)