Dubai World Cup – әлемдік ат спорты күнтізбесіндегі ең беделді бәйгелердің бірі. Алғаш рет 1996 жылы Дубайдағы Nad Al Sheba ипподромында ұйымдастырылған жарыс 2027 жылы 31-ші рет өткізілмек. Дода 27 наурызға жоспарланған. Dubai Racing Club мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры 30,5 миллион АҚШ долларын, ал басты бәйгенің жүлде қоры 12 миллион долларды құрайды. Жарыстың жүлде қоры жылдар бойы өсіп отырды. 1996 жылы алғашқы жарыстың басты бәйгесіне 4 миллион доллар бөлінсе, 2010 жылы жаңа Meydan ипподромының ашылуымен жүлде қоры 10 миллион долларға жетті. 2019 жылдан бері басты бәйгенің жүлде қоры 12 миллион доллар деңгейінде сақталып келеді. Ал 2024 жылдан бастап турнирдің жалпы жүлде қоры 30,5 миллион долларды құрады. Соңғы жылдары да жарыс тартысты бәсекеге толы болды. 2024 жылы Laurel River, 2025 жылы Hit Show жеңіске жетті. Ал 2026 жылғы жарыстың басты жүлдесін америкалық Magnitude иеленді. Ол мәреге жапондық жүйрік Forever Young-нан бұрын жетті. Осылайша, Forever Young үш жыл қатарынан жүлдегерлер қатарынан көрінді: 2024 жылы – үшінші, 2025 және 2026 жылдары – екінші орын алды.
Жарыс тарихындағы ерекше жетістіктердің бірі – Thunder Snow сәйгүлігінің 2018 және 2019 жылдары қатарынан жеңіске жетуі. Ол Dubai World Cup тарихында басты бәйгені екі рет ұтқан алғашқы әрі әзірге жалғыз сәйгүлік атанды. Бапкер Саид бин Сурур тоғыз рет жеңімпаз аттарды дайындаса, Godolphin командасы басты кубокты тоғыз мәрте иеленген. Dubai World Cup-тың халықаралық танымалдығы да артып келеді. 2025 жылғы жарыс әлемнің 170 елінде, 37 телеарна арқылы көрсетілді. Бұл жарыстың әлемдік ат спорты кеңістігіндегі ауқымын айқындайды. Үш онжылдыққа жуық тарихы бар Dubai World Cup бүгінде жай ғана ат жарысы емес, халықаралық спорт пен мәдениетті тоғыстырған ірі оқиғаға айналды. Ал 2027 жылғы турнир де әлемнің үздік сәйгүліктерін, шабандоздары мен бапкерлерін Дубайдағы Meydan ипподромына жинамақ.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Жүкен Еркеназ

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі