1970-жылдары «Дос-Мұқасан» ансамблінің орындауында кеңінен танылған «16 қыз» әні арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, өз танымалдылығын жоғалтқан жоқ. Көпшілікке жақсы таныс бұл әуен жылдар бойы бірнеше рет жаңаша өңделіп, әр буынның тыңдарманына жол тартты. 2016 жылы ән Қайрат Нұртастың орындауында «16 қыз» фильмінің саундтрегі ретінде қолданылып, қайтадан көпшіліктің назарын аударды. Алайда әннің жаңғыруы мұнымен шектелмеді. 2025 жылы Yenlik пен Al Nasr оның заманауи нұсқасын ұсынып, композицияға R&B және хип-хоп элементтерін қосты. Осылайша, бірнеше онжылдық бұрын дүниеге келген туынды жаңа музыкалық сипатқа ие болып, жас тыңдарманға қайта жол тартты.
Жаңа нұсқа әлеуметтік желілерде де кеңінен таралды. YouTube платформасында бір жыл ішінде 6 миллионға жуық қаралым жинады. Ал TikTok желісінде ән әуеніне түсірілген би видеолары көбейіп, жастар арасында қызығушылық тудырды. Олар ұлттық би элементтерін заманауи қимылдармен үйлестіріп, өз туындыларын әлеуметтік желілерде жариялады.
«16 қыз» әнінің бірнеше буын арасында танымал болуы – ұлттық музыканың уақыт талабына сай жаңғыра алатынының көрінісі. Демек, ұлттық мәдениет тек өткеннің еншісінде қалмай, заманауи музыка арқылы жаңа ұрпаққа да жетіп келеді. Ұлттық әуендерді жаңа форматта ұсыну – дәстүрді сақтап қана қоймай, оны бүгінгі мәдениетпен сабақтастырудың тиімді жолы.
Journiverse халықаралық журналистика мектебінің оқушысы: Бекберген Іңкәр

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі