Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан Момышұлының Екінші дүниежүзілік соғыстағы асқан ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылды. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Соғыстан кейін жазған кітаптары СССР халықтары және бірнеше шетел халықтарының тілдерінде басылып шықты.

Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталды, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 

Бауыржан Момышұлы айтқан даналық сөздері:

♦ Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас

♦ Ел болам десең бесігінді түзе.

♦ Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.

♦ Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады.

♦ Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

♦ Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.

♦ Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.

♦ Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

♦ Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

♦ Пышақтың жүзі өтпесе, сабы қанша жақсы болғанмен, түкке жарамайды. Алдымен жүзі өткір болуы керек.

♦ Өзің білмейтін адамдардың сыртынан ғайбат сөйлеп,обалына қалма.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Бауыржан Момышұлының туындылары

Бүгін Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толды

Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым..."

Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары

Соғысқа дейінгі Бауыржан Момышұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Назарбай

Бауыржан Момышұлы - нағыз батыр

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз