Тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар

Басты бет / Тарих / Тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар

Тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар — Тарих бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Көптеген әскери тактикалар қолбасшының шұғыл шешімдері мен күтпеген маневрлерге негізделген. Бірақ тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар бір қарағанда ақылға сыймайтындай көрінгенімен сәтті іске асқан. 

Ерекше тактикалар

1. ІІ ғасыр жазушысы Полэннге сәйкес, Персия билеушісі Камбис ІІ б.з.д. 525 жылы мысырлықтармен Пелусиядағы шайқаста мысырлық қасиетті жануарларды пайдаланған. Ол жауынгерлеріне қалқандарына тырнақұтандарды (Тота құдайының жердегі бейнесі) салып қоюға бұйырған, ал алдыңғы шептегі жауынгерлерінің алдына тірі мысықтар (Баст құдайының жердегі бейнесі) мен иттерді (Анубиса құдайының жердегі бейнесі) қойып қойған. Мысырлықтарға қасиетті жануарларды қорлау қылмыс саналатын және өліммен тең болған, сондықтан олар кері шегініп, қаласын жау қолына берген. 

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс бірорынды сүңгуір қайықтары Еуропаға бағыт алған азық-түлігі бар кемелерді суға батыра берген. Осылай жалғаса берсе аштық орнайтынын сезген Британия билігі сүңгуір қайықтармен балға мен сөмке арқылы күресуге кіріседі. Түнде ұсталар мен бірнеше зеңбірекшілерді кішігірім салдарға отырғызып теңізге жібереді. Егер олар сүңгуір қайықтарды байқап қалса, перископқа жақындап келіп, оған сөмкені жауып, терезелерін балғамен шағып кететін болған. Осындай ерекше тәсілмен британдықтар 16 неміс сүңгуір қайығын зиянсыздандырған. 

3. Б.з.д. 860 жылы викингтер римдік қаланы тонауға бекінеді. Бірақ қаланы тонау әлдеқайда қиын екенін түсінген олар ерекше тактиканы ойлап табады. Олардың әскери қолбасшылары өліп қалған сияқты болып, ал атты жасағы қала күзетшілерінен көшбасшысын қалада жерлеуге рұқсат сұрайды. Нәтижесінде Троян атына ұқсас оқиға орын алады. 

4. Темірлан, Азия тарихында маңызды рөл атқарған ортаазиялық жаулап алушы Делиді басып алу шайқасында ерекше тактиканы пайдаланады. 1398 жылы 120 әскери пілді пайдаланған үнді әскерімен қақтығысып қалғанда, оның әскері үрейленіп, қаша бастайды. Бірақ ол азық-түлік тасып жүрген түйелеріне жүк салуға бұйрық береді. Кейін ол түйенің үстіндегі жүкті жағып жібереді де, әскери пілдерге қарсы жібереді. Өртеніп жатқан түйелердің жүгірісінен қорыққан пілдер үнді армиясын басып-жаншып қаша бастайды. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Саке

Керемет.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар туралы не білуге болады?

Бұл бетте Тарихтағы ең ерекше әскери тактикалар тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Тарих бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тарих бөліміндегі басқа материалдар әскери тактикалар тақырыбындағы материалдар тарихи соғыстар тақырыбындағы материалдар ақсақ темір тақырыбындағы материалдар kz2015 жариялаған басқа материалдар