Көптеген жағдайлардың әсерінен кейбір қалалар тұрғызылған күйі сол қалпы елсіз болып қалған. Назарларыңызда дәл сондай қалалар тізімі.
1. Канбаши
Қытайдың солтүстігінің Ордос қалалық округінде 300 мың адамға арналған Канбаши қаласы бар. Құрылыстық серпіліс кезінде тұрғызылған қала сол күйі жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция болып қалды.
Ғаламдық қаржылық дағдарыс құрылысшылардың талпынысын басып, енді кейбірі салған қаржысының тым құрығанда бір бөлігін қайтару үшін бос мұнараларды жарып, алып жатқан жерін басқа инвесторларға сатуды ойластырып жүр.
2. Сесеньи қала маңы
Испанияның Сесенья қаласының кіреберісінде, Мадрид пен Толедоның ортасында, жылжымайтын мүлікке жоғары сұраныс кезінде миллиардер Франсиско Эрнандо 13500 пәтерге есептелген орасан зор тұрғын үй кешенін тұрғызады. Бұл жеке салушылар салған Еуропадағы ең ірі кешен болып табылады.
2008 жылы Эрнандо 2 мың пәтерді жоба кредитшілеріне береді, бірақ билік пәтерлерді сатуға тиым салады, өйткені онда ауыз суы тартылмаған және ғимараттарға жайғасуға болатындығы жайлы рұқсат қағазы болмайды. Бұдан өзге инфрақұрылым мен жол да салынбаған болып шығады. Соңында Эрнандо салық төлемегені үшін және пара бергені үшін айыпталады, нәтижесінде ол құрылысты тастап, Экваторлық Гвинеяға қашуға мәжбүр болады.
3. Киджондон
Демилитаризациялық шекараға жақын орналасқан солтүстік корейлік Киджондон қаласын көбіне «насихат ауылы» деп атайды. Бұл Оңтсүтік Кореяның шекарасынан бақылауға рұқсат етілген Солтүстік Кореяның толықтай жабылған жалғыз елді мекені.
Киджондон ішкі кеңістіксіз, бірақ электр жүйесі тартылған ашық, жасанды үйлерден тұрады. Терезеден түсетін жарық ғимараттың нақты бір жерлерінде және нақты бір уақытта жанады. Кейде қаладан құрылысшыларды, әскерилерді және терезе жуатын әйелдерді байқап қалуға болады.
4. Киламба
Қытайдың Халықаралық дүние-мүлікті басқару инвестициялық бірлестігі Анголаның астанасы Луандадан 30 км қашықтықта Киламба қаласын салды. 750 сегізқабаттық тұрғын үйлер 500 мың адамның тұруына есептелген, оларға сонымен қатар жүздеген сауда орталықтары мен ондаған мектеп салынды.
Құрылыстың аяқталуына қарамастан, Киламбада қазірге дейін тек 220 пәтер сатылған, себебі Анголаның көптеген тұрғыны ипотеканың көмегімен де пәтер алуға жағдайлары жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Akim
Қаншама мыңдаған адамдар баспанасыз жүр. Мемлекеттері соларға үлестіріп берсе күшті болатын еді.
Ақгүл
Біз де де Астана да бос түрған үйлер көп қой)