Березов мектеп – балабақша кешенінің
7 «А» сынып оқушылары: Бегатаров Алдияр және Сулейменова Диана
- Қош келдіңдер, менің барлық қабырғаларым, биіктік, биссекриса, медиана және барлық бұрыштарым тең болғандықтан - мені осы үшбұрыштар патшалығына билеуші етіп сайлады. Осы патшалықта менің ұрпақтарым да мекен етеді. Ортаға үлкен ұлым шақырайын - деп үлкен ұлын шақырады. Үлкен ұлы:
- Менің атым Тең бүйірлі үшбұрыш, өйткені қасиетім табанымдағы бұрыштар тең мен бүйір қабырғам тең, үшінші қабырғам табаным.
Жиналған фигуралар үлкен ұлына қошемет танытып жатқанда, есіктің арғы жағынан бір үшбұрыш сығалап қарап тұрады. Оны байқап қалған ағасы кіші інісін ортаға шақырады. Інісі өз денесінен ұялып, басқа фигуралармен танысқысы келмеді. Бірақ ағасы інісін өзі ортаға алып келе жатқанда:
- Бұл қандай фигура?
- Қиқайған мынау кім? –деп фигуралар сұрап жатады.
Алайда,бұл сөздерге назар аудармай, бар күш жігерін жинап хан :
- Бұл менің кіші ұлым, аты Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш. Қиқайған себебі, қабырғаларының ұзындықтары және бұрыштарының өлшемдері әртүрлі. Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермейді - деп еді, ортаға топырлап, бір топ үшбұрыштар келеді. Бір топ үшбұрыштар бас иіп сәлем беріп:
- Мен патшаның немересімін
Ау, халайық
Бұрышым менің сүйір
Ақылың болса түйір
Ойланшы өзің сонда
Мен қалай аталамын?- деп жиналған фигураларға сұрақ қояды.
Сонда көп фигуралар ішінен тік төртбұрыш тұрып:
- Сенің атың Сүйір бұрышты үшбұрыш –деп тіл қатады.
- Бәрекелді!
Доғал менің бұрышым
Білсең айтшы дұрысын
Қалай деп кәне айтады,
Шөбересін патшаның ?- деп еді,Квадрат тұрып тіл қатты:
- Білем – білем, сен Доғал бұрышты үшбұрышсың ғой,
- Дұрыс, дұрыс...
Келсе сөз кезегі
Таныстыруды бастайын
Мен патшаның неменесімін
Қасиетім менің ерекше
Белгілі ғой әр елге
Пифагордың аты шығып
Тарап кетті әлемге
Ешкімнен ұялып саспаймын
Ақылың болса қостаймын
Атым болса Тік бұрышты үшбұрыш
Абыройымды асырды пирамидасы Египеттің.
- Ой, бәрекелді, балалар, жарайсыңдар, ал енді патша біз өз елімізге қайтайық, сіздің бір рудан шыққан әр әулетімен таныстық, балаларыңыз өнерлі екен –деді шеңбер. Өзге геометриялық фигуралар қоштасып, өз елдеріне қайтты.
Үшбұрыштар әулетімен таныстық
Осымен ертегіміз тәмам болды
Одан бері талай заман болды
Өз қасиеттерін сақтап келеді,
Үшбұрыштар ұрпағы жалғасып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бейсенкүл
Өте күшті