Неміс Карл Бенц әлемдегі бірінші автомобильді шығарды деп ресми түрде танылды. Ол 1884 жылы дүниеге келген, дәл осы жылы Фюрт пен Нюрнберг темір жол желісінің қосылған жылы болды. Ал 15 жылдан кейін әлем іштен жану қозғалтқышы жайлы естиді. Оны Бельгияда Этьен Ленуар құрылымдап шығады.

Бэнцтың балалық және бозбала шағы Карлсруэ қаласында өтті. Оның әкесі локомотив жүргізушісі болып жұмыс істеді, кейін баласы екі жаста болғанда қаза табады. Карлдың оқу үлгерімі жақсы болды. Политехникалық университетті аяқтағаннан кейін ол бу машиналарын шығаратын ұйымда сызбашы болып жұмысқа тұрады. Кейін ол Мангеймде орналасқан болат құю зауытына жұмысқа ауысады. Онда бас механик болып, кейін Пфорцхаймға конструкторлық бюроға бас инженер болып ауысады.

1871 жылы Мангеймде шағын құю өндірісі ашылады, оның негізін Карл Бенц пен Август Риттер қалайды. Алайда серіктестің айла-шарғысынан кейін (Август Риттердің) біріккен бизнестері қиын кезеңдерді бастан өткереді. Оны банкроттықтан қалыңдығы Берта Рингер құтқарады. Ол жасау болып келген қаражатын оның қарызын өтеп, Карлды осы өндірістің жалғыз иесі етеді.
Қарызды қайтарған Бенц кәсіпорынның жалғыз егесі болып қалады. Бірақ ол кезекті дағдарыстан бас көтере алмай, қайтадан құлдырайды. Банкротқа ұшыраса да Бенцтің жігері жасымайды, оның айналысып жатқан жалғыз ісі іштен тұтанатын қозғалтқыш болады.
Ал 1878 жылы Карл Бенц өзі жасаған бірінші екі тактілі қозғалтқышты патенттейді. Бір жыл өткеннен кейін ол Мангеймнен шыққан тағы екі бизнесменмен бірге өндірісті бастап кетеді. Алайда ол серіктестерімен тағы да дұрыс байланыс орната алмай, 1883 жылы өз фирмасын құрады. Осыдан кейін өндірісі қалпына келтірілгеннен кейін жалғыз ғана арманы – көлік құралын жасауға кіріседі.

Бұл кезде көптеген өнертапқыш автомобиль жасау идеясымен әлек еді. Ұлты француз Николя-Жозеф Кюньо өздігінен жүре алатын көлік құралын жасаған тұңғыш өнертапқыш. Бұл оқиға 1769 жылы болды. Бұл көлік бу қозғалтқышының арқасында қозғалды. Эдуард Делямар-Дебутвиль болса іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралын жасаған тұңғыш ғалым. 1884 жылы ол газ қозғалтқышын құрастырады, бұл қозғалтқышты ол үш дөңгелегі бар автомобильге орнатады. Бір өткеннен кейін осы айтылғандардың ойлағанын Карл Бенц жүзеге асырады. Ол басқаруға болатын, іштен жанатын төрт тактілі қозғалтқышы бар көлік құралын бірінші болып жасайды. Оның қаңқасы қарапайым арба болды. Бұл автомобиль құрылысын бастап берген әлемдегі жалғыз автомобиль болып тіркелді.
1886 жылы Бенц өзі жасаған өнертабыстарына патент алғаннан кейін көптеген көрмелерге белсенді түрді қатыса бастайды. Бірақ журналистердің мақтау мақалалары автомобильдердің саудасын қыздыра түспейді. Мұнда да оның әйелі іске араласады. Берта таңдардың бірінде ұйқыда жатқан Бенцті оятып алмай, гараждан үш дөңгелекті машинаны шығарып алып, балаларымен бірге Мангеймнен Пфорцхеймге аттанады. Олар жүз шақырымдай жерді жүріп өтеді. Бұл ісімен ол күйеуінің керемет өнертапқыш екенін дәлелдеп бермекші болады. Оның үстіне, осылайша автомобиль өндіру ісінде бірінші жарнама компаниясы болып өтеді.

Бенцтің әйелі бұл қашықтықты 14 сағатта жүріп өткен. Пфорцхаймға жеткенде ол күйеуіне осы оқиғаны толық баяндап, телеграмма жолдайды. Ал Бенц болса автомобильдің жоқтығын көріп, оны біреу ұрлап кеткен деген тұжырымға келіпті. Осы оқиғаны газет-журналдар жазып шыққаннан кейін Карлдың өнертабыстарына тапсырыстар келіп түсе бастады. 1889 жылдың өзінде елу автомобиль сатылып кеткен!

Шабыттана түскен Бенц 1893 жылы төрт дөңгелекті жаңа автомобильді құрастырып шығарады. Осы көліктің 600 данасы 1901 жылға дейін сатылып кеткен. Осылайша, автомобильдерді өндіріп, сата бастаған бірінші компания - Benz & Co. Компанияны Карл Бенц басқарды.

Mercedes Benz осылай басталған екен гой!
Негізінен мақала жақсы жазылған.Сілтемесін жазсаңыз.Ақпаратты қай жерден алғаныңызды.
Қызық екен.1884 жыл! 133 өтіпті біз әлі көлік шығара алмаймыз, қазағыма жаным ашиды
Ия арине жаксы екен
Карл Бенц Францияда ойлап тапкан
Иа бары анык накты жазылган
Кызыкты екен маган унады
Өте жаксы жазылған.керемет
Негизы пысып жаксы жазылган
Ия өте жақсы екен маған ұнады жəне Карл Бенц деген есім де əдемі есім екен мен Карл Бенц туралы қызықты мəлімет,мағұлыматтар алдым достар сендерде оқып керекті жерлерін жазып аллсаңдар болады онда сау бболыңдар сендерден жаңалық күтемін
Бул Карл Бенц ол туралы малмет керемет есімі де әдемі
карл бенц деген магына ол мерседес дегенимиз онын кызы ал аты бенц
Мен оқысам көз алдыма елестеп кеттім
Маған ұнады көзіме елестеп
Кушти бирак бир созинизди тусине алмадым Пфорцахаймға деген
Малимет жаксы,мерседес туралы билдим
Қызық екен білдім
Керемет екен
Оте кушти малимет
керемет
бұданда қызықтар көп
Маган Канады. Керемет жазылган. Карл Бенц оте жаксы адам. Биздин камымызды ойлайтан Бенц гой
Карл бенц туралы акпараттын барин жазып мектепке апарып айткан едим бирак барлык апай отирик деп шыкты отирик акпарат
керемет
АЙЫМЖАН, ізденуге қарсы сауатсыз апайдан ұзақ бол! Не өтірік айтып, жала жабуды доғар.
Қызық деректер екен
маған ұнады
маған қатты ұнады♡♡♡
Өте керемет. Маған ұнады
Болат Е, көлікті қоя берші, бізде к*тін жабатын ішкиім ді де әлі шығара алмайды ғой
Қызық пікірлер
өте күшті мәлімет екен
Ооо күшті ғой
Оте керемет екен.Маган унады .Маган катты керек еди,кызыкты малимет коп екен ☺.КАРЛ БЕНЦ нагыз онер тапкыш екен.
оте кызык малимет
Керемет күшті
Бұның бәрі қызық екен.Накты әрі түсінікті жазылған.Бірақ бұның бәрін қиын екен.Үнемі мәлімет іздегенде сіздің ғана мәліметіңізді оқимын
Карл Бенц туралы зор малимет екен
Акылды малиметтер.Карл Бенц туралы барин была аламыз
Өте керемет
Карл и Верта , зарождения первого автомобиля, деген киносы бар
Карл Бенц туралы біліп алдым
Қызық мақала екен, рахмет, пайдама жарады
Өте қызықты әрі танымдық мақала екен! «Тұңғыш автомобильдің тарихы» – Карл Бенцтің өмір жолы мен әлемдегі алғашқы автомобильді жасау тарихы соншалықты тартымды баяндалған
Bilim-all.kz сайтында осындай ғылыми-тұрмыстық, тарихи мақалаларды жариялап жатқаны – үлкен плюс. Балаларға да, ересектерге де автомобильдің қалай пайда болғанын түсіндіруге тамаша материал. Рақмет сіздерге, осындай қызықты тарихтарды қолжетімді етіп жатқандарыңыз үшін! Автомобиль әлемі осыдан басталған екен ғой – керемет!