Өлеңдер Бөлімі

Тұрмыстық техниканың зияны

Біз ақпараттық технологиялар дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Айналамыздағы тұрмыстық құралдардың міндеті – тіршілігімізді оңайырақ, ыңғайлырақ ете түсу сияқты көрінеді, алайда, шынымен солай ма? Тұрмыстық техниканың зиянды екеніне бұлжытпас бірнеше дәлел бар.

Теледидар

Адам алтын уақытын түрлі телевизиялық бағдарламалар көруге жұмсайды да, теледидар оған қандай зиян келтіретінін ойламайды. Ең алдымен, сол уақытты недәуір пайдалы нәрсеге, мысалы, спортпен шұғылдануға жұмсауға болады. Оның үстіне, теледидарға телмірген адамның көруі нашарлайтыны да дәлелденген. Сүйікті телебағдарламасын көру үшін бір орнында бірнеше сағат тапжылмай отырғанның салдарынан адам семіріп кетеді. Соңғы кезде көптеген арналар адамның санасын «тұмандандырып», оған мүлде керек емес стереотиптерді таңа бастады. Бұл бейсана деңгейде әсер етіп, адамдар сүйікті кейіпкерлерінің іс-әрекетіне еліктей бастайды. Ал олар әрқашан жақсы жағынан көріне береді деуге келмейді.

Микротолқынды пеш

Микротолқынды пеш дұрыс қолданбаған жағдайда зиян келтіреді. Қарапайым ережелерді ескеріп отырсаңыз, микротолқынды пеш сіз үшін қауіпсіз әрі пайдалы құралға айналады.

Микротолқынды пешті есігін ашып қойып қосуға болмайды.

Кездейсоқта микротолқынды пешті бос күйінде іске қосып жібермеу үшін, ішіне стаканға су құйып қойып жүріңіз.

Осы бір маңызды құралды тек қажетінше ғана қолданыңыз.

Шаңсорғыш және кондиционер

Шаңсорғыштың сүзгісін уақытылы тазартып отырмаса, ол бактерия ошағына айналады. Бұл түрлі аурулардың асқынып, адамның демікпеге шалдығуына себеп болуы мүмкін. Үй тазалаған сайын шаңсорғыштың қоқыс жиналатын ыдысын босатып, сүзгілерін тазартып отырсаңыз –денсаулығыңызға зиян келтіретін бактериалардан аулақ боласыз. Ал кондиционерлер суық тиіп және өкпе қабынып ауыруға себеп болуы мүмкін. Әсіресе, күн ыстық кезде, адам осы құрылғыдан ескен салқын лепке рахаттанып, денесін қармаған суықты сезбей қалады. Ешқашан кондиционерге тым жақын отырмаңыз, әсіресе, күн қатты ыстықта.

Компьютерлер

Адам денсаулығына бәрінен артық, және жағымсыз ықпал етеді. Монитор экранына сағаттап телміріп отырып көз жанарыңызды талдырып, омыртқаңызды құрыстыратыныңыз өз алдына, жүйке жүйеңізді әсіресе қарқынды жұмыс істеуге мәжбүрлейсіз. Ол – жүйке тозуы мен күйзелістің себебі болуы мүмкін. Әсіресе, психикасы әлі қалыптасып болмаған балаларға компьютерден келетін зиян зор. Компьютерлік ойындардың көбі зорлық-зомбылық пен кісі өлтіруді насихаттайды. Балаларыңызға сағаттап компьютер алдында отыруға рұқсат берудің қажеті жоқ. Ал егер жұмысыңыз компьютермен тікелей байланысты болса, денсаулығыңызға келетін зиянның алдын алуға көмектесетін бірнеше ереже есіңізде болсын.

Әр  30-40 минут сайын орныңыздан тұрып, бой жазыңыз.

Әр сағат сайын көзге арналған жаттығулар жасап отырыңыз, мысалы, жанарыңызды бір шетке қадап, содан кейін басқа жаққа қарап, содан кейін жоғары-төмен сырғытыңыз. Бұл жаттығу көз жанарын сақтап қалады.

Негатив сипатқа ие және жүйке жүйесін қоздыратын әсері бар роликтерді көруден өзіңізді шектеңіз. Күйзеліс пен жүйке тозуынан осылай аулақ бола аласыз.. 

Осындай қарапайым жаттығуларды орындап жүрсеңіз, компьютер сенімді серігіңізге және көмекшіңізге айналады, ал бастысы –денсаулығыңызға зиян келтірмейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (5)

Маржан

Өте тамаша жазылған

Асел

Өте кажетті акпараттар екен.

Балнұр Аңсарбай

Сенің жазғаның маған көпкөмегі тиді.
Рахмет

Накйпова Аделя

Керемет болашақта кнрек

miss aizhan kz.

Оте керемет жазылған екен.Адамдар сабак ала ды деген ойлаймын.Маған унады

Пікір қалдырыңыз

×