Қыз ұзату тойы - үлкен мереке. Мұнда ат жарыс, палуан күресі, айтыс, өнер бәсекесі, бәс, ұлттық ойын түрлері, жұмбақ айтыс, ән-жыр айту сияқты ойын-сауықтар өткізіледі. Бұған қатысқан, көрген жұрт бір серпіліп, жаны жадырап қалады. Осындағы тағы бір қызықты өнер - қалыңдықтың жеңгелері мен күйеу жанындағы жігіттердің айтысы. Ол басқа айтыстардай ешкімді сынап, мінемейді, кәдімгі әзіл-қалжыңға, күлкіге, тапқырлыққа құрылады.
Бұл айтыстың аты - "Кінә менде". Тағы бір қызығы: жеңген жақ жеңілген жаққа арнайы сыйлық тапсырады. Бұл - жеңілген жақтың көңілін көтеріп, олардың ойында кірбің қалмасын деген игі тілек пен жақсы көңілдің, алдағы жақындықтың белгісі. Алды-артын әркез бірдей ерте ойлайтын қазақ халқының осы дәстүрі оның ұлттық қасиеттерінің үлкен көрінісі екенін қалай ұмытарсың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Сәлем
Әлем