Өлең, жыр, ақындар

Ричард Брэнсонның бойыңды рухтандыратын 11 даналық сөзі

Ричард Брэнсонға таңдана және сүйсіне қарамау қиын. Ол ерекше кәсіпкер, арманшыл әрі жеңімпаз адам. Брэнсонды спикер ретінде жиі шақырады, себебі оның сөздері шынымен қанаттандырады. Бизнесменнің біз ұсынып отырған қанатты сөздері сізді рухтандырып, ынтаңызды арттырады.

Өзіндік ерекшелік жайлы

Мен үшін бизнеспен айналысу бұл костюм киіп, стейкхолдерлерге жарбаңдау емес. Ең бастысы, өз-өзіңе, идеяларыңа адал болу және басты мәселелерді назарда ұстау.

Позитивті көзқарас жайлы

Менің өмірлік ұстанымым – әр минуттан ләззат алу. Мен «О, құдайым, бүгін мынаны жасауым керек» деген оймен ешқашан ештеңе істемеймін. Бизнесмен өз ісін үлкен қызығушылықпен істеу керек, оған бәрі ұнау керек. Бұл шығармашылық қабілетті арттырады.

Кәсіпкерлік жайлы

Кәсіпкерліктің бар мәні – сені толғандыратынның бәрін қаржыға айналдыру, сол салада жетістікке жету және алға ілгерілеу. Менің ойымша, бір сарынды жұмыс пен сағаттап бір жерде отыру – бұл жалпы кәсіпкерлік рухқа жасалған қиянат.

Адамдар жайлы

Адамдарға шынайы қамқор болу өте маңызды. Сіз егер адамдарды жақсы көрмейтін болсаңыз, жақсы көшбасшы бола алмайсыз. Оларды жақсы көрген жағдайда ғана жақсы қасиеттерін байқай аласыз. Бизнес — бұл адамдардың өмірін жақсарту үшін ойлап табылған жай ғана идея.

Сын-тегеурін жайлы

Менің өмірге деген қызығушылығым өзіме ақылға сыймайтын сынақтар ұйымдастырып, соларды бағындыруымнан туындаған.

Маған жігер беретін не? Әрі қарай да өзіме сын-сынақтар жасау. Мен өміріме университеттегі шексіз оқу сияқты қараймын: күнделікті жаңа бірдеңеге үйренемін.

Жалпы барлығы жайлы

Бойыңа мақтаныш сыйлайтын бірдеңе жасап шығару. Бұл менің бизнестегі пәлсапам десем болады. Шын айтсам, мен ешқашан көп қаржы табу үшін бизнеспен айналысқан емеспін. Егер бұл басты себеп болса, онда ештеңе істеудің қажеті жоқ.

Мен жұмысты жұмыс деп, ал көңіл көтеруді көңіл көтеру деп қабылдамаймын. Мұның бәрі өмір.

Сайттағы барлық нақыл сөздер: Ұлағатты сөздер

Ал сізді қандай тұлғалардың cөздері, өмірі, биографиясы жігерлендіреді?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Ғани

Мені Ахмет Байтұрсыновтың сөздері жігерлендіреді.

Жарас

Ал мені Міржақып Дұлатұлы, Стив Джобс, Билл Гейтс, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Бауыржан Момышұлының сөздері жігерлендіреді.

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. (с) Ахмет Байтұрсынұлы

Замір

Мұқағали Мақатаевтың сөздері керемет!

...Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге...

Алмас

Байқағаным жетістікке жеткендердің сөздері бір-біріне ұқсап кетеді

Серик

Ричард Брэнсоннан алатын кәсіптік білімдер өте көп, бұндай ерекше тұлғалардың кітаптары да біраз тәжірибе алатындай болады, дегенмен осындай керек дүниелерді таппай қаласың кейде, қазақша нұсқасын аударып шығарса керемет болар еді !!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз