Өлең, жыр, ақындар

Ақылды құстар

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының

«Оқушылар сарайы» ММ-нің

«Жас натуралист» үйірмесінің оқушысы: Жалғас Ұлжан Мәлікқызы

Жетекшісі: Манасбаева Акбота Кунаевна

 

 

Жер бетінде құстардың 8600 түрі бар. Олардың басқа жануарлар тобынан ерекшелігі - ұшу қабілетінің барында. Осы құстардың ішінде адамдармен қарым-қатынасқа зәру, ақылды, қуаныш сыйлай білетін құстар бар. Әрине, олар - тотықұстар. Тотықұстардың басқа құстардан айырмашылығы - ақылдылығында. Олардың ойлау қабілеті үш жасар баланың ойлау қабілетімен бірдей екен. Ең ғажабы тотықұстар адам сияқты сөйлей алады. Австралияда тотықұстарды оқытатын мектеп орналасқан. Тотықұстардың бірнеше түрлері бар. Олар: бұйра тотықұс, какаду, корелла, қызыл ара, нестор, сұры жако, кеа, т.б. Нестор, кеа тотықұстары жыртқыш тотықұстарға жатады. Олардың түстік реңінің өзі ерекше.

Тотықұстардың жасын, жынысын ажыратуға болады. Жасын көзінің қарашығына, қанаттарының түстеріне және де құйрықтарының ұзындығына қарап ажыратуға болады. Ал жынысын тұмсығына қарап ажыратамыз. Оларды үйде ұстау қазір қолжетімді болып отыр.

Тотықұстар ерекше жаратылыс болып табылады. Қазіргі уақытта олардың 72 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан осындай әдемі жаратылысты қорғап қалу - осы заманның өзекті мәселесі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз