Таңертең ұйқыңнан толығымен оянау үшін сергітетін душ қабылдағанға ештеңе жетпейді. Сонымен қатар, ауыр күннен кейін душтың астында тұра тұру да жанға сергектік сыйлайды. Көптеген адам күнделікті душқа түспесе жүре алмайды. Бұл тазалық пен эстетика ұғымдарымен насихатталып, заманауи қоғамда қалыпты дүниеге айналды. Бірақ жиі душқа түсу қаншалықты қажет және денсаулыққа зиян емес пе?
Көптеген адам душқа тазалық пен эстетикалық мақсатта түспейді. Душ оларды тазарақ және сау етеді деп сенеді, бірақ бактериологиялық зерттеулер мұны жоққа шығарады.
Элейн Ларсон (ElaineLarson), инфекционист-сарапшы және Колумбия университетінің ғылыми жұмыстар бойынша деканның орынбасары
2004 жылы жасалған зерттеулер антибактериалды сабын, скраб пен басқа да косметикалық құралдарды жиі пайдалану пайдасынан гөрі зияны көбірек екенін көрсеткен. Оларды пайдаланған соң терінің табиғи қорғаныс қабаты жуылып кетеді, тері құрғақ әрі жұқа болып қалады. Бұл өз кезегінде тері қабатында микрожарықшақтар пайда болуына қолайлы орта жасайды. Микрожарықшақтар арқылы түрлі инфекциялар мен микробтар кіретін болады.
Бұл тұжырымды Джордж Вашингтон университетінің дерматология доценті Брэндон Митчелл (Brandon Mitchell) де растап отыр. Оның айтуынша көптеген адам душты тым жиі қабылдайды.
Жеке гигиенаға арналған түрлі химиялық құралдар пайдалану арқылы жиі жуыну теріні табиғи майларынан арылтады, сонымен қатар адамның табиғи иммундық жүйесін құртады.
Брэндон Митчелл
Осы пікірді қаперде ұстауымыз керек сияқты, әсіресе антибактериалды құралдарда триклозан пайдаланылады деген соңғы жанжалдарды ескерсек.
Шын мәнінде душқа қаншалықты жиі түсу керек? Дәрігер Митчеллдің пікірінше, егер мәселе сіздің сыртқы келбетіңіз немесе иісіңізге емес — денсаулығыңызға байланысты болса — онда аптасына бір немесе екі рет түсу жеткілікті. Денеміздің табиғи құрылымы күнделікті тазалықты қажет етпейді — бұл керісінше зиян келтіруі мүмкін.
Әрине, түрлі жағдайлар болады, мысалы лас өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер немесе физикалық еңбекпен айналысатындар душты жиірек қабылдауы қажет. Бірақ мұндай жағдайда да, Брэндон Митчеллдің айтуынша, жуынатын құралдарды көп пайдаланудың қажеті жоқ. Кір болған жерлерді ғана сабындаңыз, сонымен қатар қолтық асты мен интим аймақты ғана. Гигиена талаптарын орындау үшін және денсаулығыңызға зиян келтіріп алмас үшін осы процедуралар жеткілікті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сулеймен улы
Иіс сабыннан горі кір сабын пайдаланган жөн. Қазіргі иіс сабындар құрамвнда химиялық қоспалар бар.олар адам ағзасвна зиян.