Физикалық жұмбақтар — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Физикалық жұмбақтар бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№3 мектеп
8 сынып оқушысы: Аян Аманжан Нұржанұлы
Жетекшісі: Караева Айбарша Сардарбековна

Физикалық жұмбақтар:
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін
(Электр тоғы)
* * * * *
Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(Ауа-диэлектрик)
* * * * *
Үстінде орманы, суы бар,
Сені де, мені де
Көтерген, алыпты тауып ал?
(Жер-өткізгіш)
* * * * *
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
(Масса)
* * * * *
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.
(Күш)
* * * * *
Жай көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді.
(Молекула)
* * * * *
Жоғарыламайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан.
(Энергия)
* * * * *
Көтерілсе жоғары,
Ерітер мұхит мұздарды.
Төмен түссе шамалы,
Сездірер суық ызғарды.
(Температура)
* * * * *
Оңынан оқы тіршілік нәрі,
Солынан оқы онсыз адам,
Өсімдік, аң, құс,
Әп-сәтте сөнер,
Тұншығып бәрі.
(Ауа)
* * * * *
Қос сүрлеу бар жолымда,
Екі қамшы қолымда
Міндім де екі арғымақ
Таудан түстім қарғып-ақ.
(Шаңғы)
Бұл бетте Физикалық жұмбақтар тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Оқушы және студент жұмыстары бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
Нурзия
Оте керемет
Нурзия
Оте керемет жұмбақтар екен ари қиын!
Мадина
Жаксы бирак кобирек болса гой
Мерей
Керемет ұнады
Аружан
Керемет