Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні оқылатын болды

Басты бет / Әлем жаңалықтары / Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні оқылатын болды

Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні оқылатын болды — Әлем жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Омбы, мектеп, қазақ тілі — осы тақырыптарға байланысты.

Омбы облысының мектептерінде қазақ тілі пәні енгізілді. 1 қыркүйектен бастап кез келген оқушы қалауы бойынша қазақша оқи алады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Сонымен қатар балабақшаларда арнайы сыныптар ашылды. Омбы қаласының тұрғыны Ләззат Шахуова қолы қалт ете қалса, құрақ көрпе, қалта, жастық, ұлттық киімдер тігеді. Ою-өрнектерін де өзі ойлап табады. Шебердің үйінде қазақы құндылықтардың иісі аңқып тұр.

«Омбыда той көп. Достарым, туыстарым сұраса, тапсырыстарын тігіп беремін. Уақытым болғанда жай ермек етемін», – дейді Омбы қаласының тұрғыны  Ләззат Шахуова.

Ресейде тұратын қандастарымыз құндылықтарын ерекше қастерлейді. Омбыда бірінші ұлттық киімдер дүкені ашылды. Кәсіпкер тауарды Қазақстаннан тасиды. Енді осындай сауда нүктелерін басқа да қалаларда ашуды жоспарлап отыр.

«Өткенде бір келіншек келіп, тұсаукесір тойына ақ жол сатып алды. Соңғы жылдары қазақтар салт-дәстүрге көп көңіл бөліп келеді. Барлық іс-шараларды ұлттық нақышта өткізуге тырысады», – дейді сатушы Диана Ыбрайымова.

Омбы облысында 100 мыңнан астам қандасымыз мекен етеді. Осында тұратын қазақтар туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні оқылатын болды деген не?

Бұл бетте Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні оқылатын болды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әлем жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні оқылатын болды материалы Әлем жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әлем жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Омбы тақырыбындағы материалдар мектеп тақырыбындағы материалдар қазақ тілі тақырыбындағы материалдар