Бізге дейін мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар қиялымызға кіріп-шықпайтын құрылыстар тұрғызған. Ғалымдар бұл құрылыстарды кімдер, не үшін және, ең бастысы – қалай салғанына ғасырлар бойы бас қатырып келеді. Және таңғажайып оқиғаларға толы түрлі теориялар айтады.
Bilim-all.kz әсемдігі және жұмбағымен өзіне баурап алатын ғасырлық құпияға жақындап көруге тырысты.
© Freesally / pixabay.com
Эпос бойынша, тас кешенін сиқыршы Мерлин тұрғызған. Шын мәнінде Стоунхендж король Артурдың өмірлік серігі пайда болды делінген уақытқа дейін пайда болған. Бірақ жүздеген километрлерден табылған, тас қашалған орындағы ауыр үйінділерді қалай тасымалдаған? Құрылыстың не үшін салынғаны да түсініксіз: обсерватория (мегалиттердің орналасуы — күн жүйесінің нақты үлгісі), не болмаса ғибадатхана (кельт абыздары – друидтер дәл осындай сапада пайдаланған) болғаны белгісіз.
© Anton_Ivanov / shutterstock.com
Ертеде өркендеп тұрған қаланың қираған үйіндісі – антикалық стильдегі шіркеу ансамблі. Алайда римдіктердің салмағы 1000 тонна болатын тас блоктарды қоятын технологиясы болмады (іргетасында дәл осындайлар жатыр). Салыстырмалы түрде: афиналық Парфенон ливандық алыптан екі есе кіші, ал Хеопс пирамидасының ең ірі саналатын бөлігі «бар-жоғы» 90 тонна тартады. Оның іргетасын мысырлықтар салды делінеді, кейде тіпті алыптар соққан дейді. Кейбіреулер бұл Вавилон мұнарасының негізі деп есептейді.
Жол салушылардың XVII ғасырда ескерткішті ойда-жоқта тауып алғанына қарамастан, оны зерттеу жұмыстары үш ғасырдан кейін ғана басталды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде дөп-дөңгелек, диаметрі өте үлкен және мысыр пирамидаларынан ертеректе салынған қорған ашылды. Археологтар оның қақ ортасынан ежелгі мүрдені тапты. Күн тоқырауында тұрған кезде нағыз астраномиялық құбылысты байқауға болады — күн сәулесі камераны біртіндеп жабады. Ирландықтардың сенімі бойынша бұл жер — эльфтер мен перизаттардың еліне апаратын есік.
© mariakraynova / shutterstock.com
Тау бөктерінде жалпақ тастардан құралған үйлер шашылып жатыр. Алдыңғы жақтарында тығынмен жабылатын тесік бар. Бір таңқаларлығы: тақтайлардың салмағы тоннаға жуық, алайда олардың үйлесімділігі сонша, олардың арасынан пышақтың қыры да өтпейді. Сонымен қатар артефактардың жасы бес мың жылға жуық. Кейбір мүсіндер, мысалы, Волкондық, емдік қасиеттерімен танымал. «Дольмендік дәстүр» Жер бетінің әр жерінде бар екені де таңғаларлық.
© Simon Dannhauer / shutterstock.com
Майя тайпасының ірі қалаларының бірі жасыл джунглиге тығылған. Мұнда жасанды тоғандар да, доп ойнауға арналған алаң да, сарайлар да бар. Бірақ ерекше назар — пирамидаларға түседі. Олар даму кезеңіне сәйкес уақыт заңдылығымен салынған. Олардың міндеті жайлы теориялар аз емес: діни құрылыстар, ғылыми орталықтар, зираттар немесе бәрінің қосындысы. «Тикаль» атауының этимологиясы да түсініксіз. Есесіне оған түсініктірек «атау» бар — Дауыстар қаласы. Себебі сыбыстың өзі қатты жаңғырық болып шығады.
© Vladimir Sevrinovsky / shutterstock.com
Соловецкий архипелагы аралдарын әлем-жәлем тас шілтерлер — шиыршық пішінді лабиринттер әсемдейді. Жергілікті тұрғындар оларды «вавилон» деп атайды. Кіретін және шығатын жері бір, яғни қойтастардан түзілген іздермен тура жүріп отырса, біраз уақыттан кейін кірген жеріңнен шығуға болады. Бірақ ертеде бұл не үшін қажет болды? Кейбір ғалымдар мұның пайдалы жағы жайлы айтады: балықтарға арналған қақпан. Басқалар — көңіл көтеруге арналған дейді: ойындар мен хормен жүруге арналған орын. Бірақ көпшілік мұның о дүниемен байланысқа түсіретін салттық құрылыс екеніне сенімді.
© Pocholo Calapre / shutterstock.com
Теңіз деңгейінен 900 метрде орналасқан алып «ұяшық» жартастардың ішіне тығылып тұр. Петраның бар сұлулығын қырнау үшін шеберлерге асқан сабырлық танытуға тура келді. Осылайша, Сид каньонының салқын аймағында Эль-Хазне (араб тілінен аударғанда — «асыл қазына») — діңмаңдайша мен бағаналардан тұратын таңғажайып көрініс ашылады. Бәлкім, шіркеу, бәлкім, кесене болуы мүмкін. Көптеген құпияларды жасырған бұл құрылыстың бір түсініксізі – оюшылар немен және қалай жұмыс істеген? Құрылыс ағашынсыз ою мүмкін емес, бірақ оларды қайдан алған?
© Marco Diaz Segura / shutterstock.com
Тынық мұхиты жағалауындағы тарихқа дейінгі петросфералар вандализмнің құрбанына айнала жаздады: оларды тауып алған жұмысшылар ішінде алтын бар деп сенген. Қалай болғанда да артефактар бәрібір зақымданды: туристерді тарту үшін оларды қала орталығына орналастырды. Әрі-бері тасымалдау салдарынан олардың нақты мезгілін анықтау қиын. Олардың пайда болуы жайлы теория судың әсерінен мүмкін емес болып шықты. Жалпы бұл өзі не: планеталар нышаны, шекаралар белгісі? Дәлелсіз болжамдар ғана.
© Bule Sky Studio / shutterstock.com
Цинь Шихуанди қабірі сегіз мыңнан астам қытай сарбаздары мен аттарын жасырып жатыр. Салт-дәстүрге қарамастан, оларды қолбасшымен бірге көмген. Біздің заманымызға дейінгі 200-ші жылдардағы қолдан жасалған әскер адам бойымен бірдей етіп, өте ұсақ бөлшектеріне дейін, бір-бірін қайталамайтын түр келбетпен жасалған. Қазба жұмыстары кезінде (ал бұл 1970 жылдан бері жалғасып келеді) өте абай жұмыс істеу керек болды.
© lastdjedai / shutterstock.com
Еуропалықтар бұл кешен жайлы ХІХ ғасырға дейін білмей келді. Ал білген соң мұны кхмерлер салғанына күмәнданды. Қалау өте қалың: жіктері кей жерлерде көрінбейді. Тастар өте тегіс. Конструкциялар өз салмағының арқасында тұр. 200 ғибадатханадан тұратын ансамбль жолаушы қай жақтан келе жатса да олардың үшеуін ғана анық көре алатындай етіп салынған. Жауын-шашын маусымында Ангкор-Ват тамаша көрініске ие болады: суға толы кең ор кешенді шексіз мұхиттың арасындағы аралға ұқсатады.
© Attila JANDI / shutterstock.com
Аңызға сәйкес, қала Букту әжей мен оның құдығының («тим» туарег тілінде) арқасында пайда болған. Ол барлық керуенді қуана қабылдап отырған. Бұл қала орта ғасырлық өтірік әңгімелердің басты кейіпкері болған: алтыннан жасалған көшелер, дана тұрғындар... Африкалық Эльдорадоны бағындырғысы келген батылдар қайтып оралмаған. Осылайша француз Рене Калье қажылыққа баратын адам ұқсап киініп, қалаға аттанады. Саз балшықтан жасалған ғимараттардан тұратын кедей қаланы көргенде оның таңданысында шек болмады. Ерекше архитектуралы мешіттер қазірде саяхатшылардың сүйікті мекеніне айналды.
© Amy Nichole Harris / shutterstock.com
Тынық мұхитының құрғақ аймағында алып моаилер орналасқан. Оларды бір орыннан бір орынға тасымалдаған және төңкерген деген болжам бар. Қасында, жансыз тұлғаның өзінен де ауыр салттық демеуіштер де бар. Өкінішке қарай, бұл мүсіндердің сырын ашатындар құл иеленушілердің кесірінен баяғыда өліп қалған. Құпияны ашудың бір ғана амалы — үнсіз мүсіндердің өзінен сұрау.
© Volodymyr Martyniuk / shutterstock.com
Құм арасындағы орасан зор мүсін — әлемнің ең үлкен құпияларының бірі. Бұл фараондардың қолынан шыққан іс деп саналды. Алайда олар Сфинксті қайта жаңғыртты. Жолбарысқа ұқсайтын оның денесі атыздармен желініп кеткен. Егер болжауға ерік берсек, бұл Ұлы топан судың ізі. Сонымен қатар, бір қызығы, басы дене үйлесімділігімен сәйкес емес. Іші де алып екені және бөлмелер бар екені анықталған. Оларды зерттеу түрлі оқиғалардың орын алуына, биліктің қарсылығына әкелді. Бәлкім бұл сахара күзетшісі емес, мысалы, батып кеткен Атлантидадан қалған құпия білімнің күзетшісі болар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аида
Суреттер неге толык ашылмайды?
Жалпы кунделикти естип журген нарселер тек бирнешеуи болмаса)
Жанар
Менде толық ашылып тұр) Көбісін білмеппін... Тимбукту, Ангкор-Ват, Кавказ дольмендері, Тикаль, Заяцкий үлкен лабиринті және Ньюгрейндж дегендерді
жазира
менде бұл жердегі біразын білмейді екенмін
Аружан
Өте қызықты екен суретті жақындатып көре алмайсың