Өлең, жыр, ақындар

Пернетақтада әріптердің орналасуы

Неге пернетақтадағы әріптер алфавиттік реттілікпен орналаспаған? Компьютер пернетақтасында әріптердің орналасуы – бұл XIX ғасырда пайда болған баспа машинкаларының мұрасы. Мұндай машинканың жұмыс істеу қағидасы қарапайым. Пернетақтадағы әріпті саусақпен басқанда осы әріптің жоғарыдағы құйылған матрицасымен бірге тұтқа (балғашық) әрекетке келеді. Ол қағаз бен балғашықтың арасында орналасқан және сия сіңген лентаны ұрып, осылайша, қағазда таңба қалдырады. Мәтінді тергенде балғашықтар қағаз тұрған барабанды кезектесе ұрады.

Кристофер Шоулс ойлап тапқан алғашқы баспа машинкаларда пертақтадағы әріптер алфавиттік тәртіп бойынша екі жолда орналасқан. Бұдан басқа, тек бас әріптермен басу мүмкін болған. Ал 1 мен 0 сандары тіпті болмаған. Оларды табыспен "I" мен "O" әріптері алмастырған.  Бастапқы кезде бұл бәрінің көңілінен шықты. Алайда, уақыт өте келе басу жылдамдығы арта берді. Сөйтіп бұндай машинкалардың маңызды мәселесі анықталды: жеке балғашықтар орындарына қайтып үлгермеді және ылғи бір-бірімен ілінісе берді. Көп жағдайда оларды ажырату талпынысы машинкалардың бұзылуына әкеп соқты.

Мұның себебі, ағылшын алфавитінде басқаларына қарағанда көбірек қолданылатын көршілес әріптер көп (мысалы, p-r, n-o). Нәтежиесінде көршілес пернелер бірінің артынан бірі басылды. Ал бұл өз кезегінде балғашықтардың ілінісіп қалуына әкеп соқты.

Баспа машиналарын өндірушілер қорытынды жасап, мәтінде жиі кездесетін әріптер сұқ саусақтан («соқыр» он саусақты тәсілді ойлап тапқаннан бұрын, көбіне сұқ саусақтармен басатын) алысырақ орналастырылған пернетақтаны жасап шығарды. Осылайша бүгінгі таңға дейін қолданылып жүрген QWERTY (үстінгі қатардың бірінші литерынан, яғни әрпінен солдан оңға) пернетақтасының атақты орналасу реттілігі  пайда болды. Онда тетіктердің (балғашық) ілінісіп қалу проблемасы болмаса да, ол компьютердің пернетақталарына көшіп келді. QWERTY пернетақтасындағы әріптердің орналасуы ең оңтайлы еместігін мойындауымыз керек. Вашингтон университетінің профессоры Артур Дворак ойлап тапқан орналасу реттілігі әлдеқайда ыңғайлырақ. Онда жиі қолданылатын әріптер ортаңғы және үстіңгі қатарда орналасқан. Сол қолдың астында барлық дауысты әріптер, оң қолдың астында жиі пайдаланылатын дауыссыз әріптер орналасқан.

Бұлайша қолға түсетін күш барынша теңгерімді болады. Өзіңіз ойлап көріңізші: 8 сағаттық жұмыс күнінде біздің саусақтарымыз Дворак пернетақтасында шамамен 2 км жол жүрсе,  ал дәстүрлі QWERTY пернетақтасында да бұл көрсеткіш 7 км жетеді. Сәйкесінше, Дворак пернетақтасындағы басу жылдамдығы QWERTY пернетақтасымен салыстырғанда  2 есе артық.

Ал қазақ пернетақтасының жағдайы қалай деген сұраққа келетін болсақ, біз орыс пернетақтасының орналасу реттілігін пайдаланамыз. Айырмашылық тек – төл әріптерімізде. Олар жоғарғы символдар қатарынан орын алған. Бұл пернетақта біз үшін ыңғайсыз, себебі қазақ тілімен орыс тілінің айырмашылығы жермен көктей, өзге тіл топтарына жатады. Біздің сөздік қорымызға икемділік жасалған пернетақта керек.

Халықаралық ІТ Университет студенттері Ерғали Адамбаев пен Диас Жүнісбеков қазақ тілінде жасалған компьютер пернетақтасын ойлап тапқан болатын. Ол қазақ тілінде мәтіндерді жылдам теруге мүмкіндік береді. Қазақстандық пернетақтаның өзгелерден ерекшелігі «орыс және қазақ» тіліне ортақ компьютерлік бағдарлама болады. Яғни екі тілде мәтін теру үшін бүгінгідей Контрол+Шифт немесе Контрол+Альт арқылы әліпби ауыстырып отырмайсыз. Пернетақтаның көлемі клиенттерге қолайлы болу үшін стандартты қалпында қалған. Қазақ әліпбиіндегі 9 әріпті жеке-жеке қосқан. Лингвистикалық заңдылықтарға сәйкес оларды барынша ыңғайлы етіп орналастырды. Компьютерлік құрылғының көлемін стандартты жағдайда сақтау үшін Ентер, Шифт сынды пернелерді кішірейткен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Ахмед

күшті екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар