Бала тәрбиесіндегі ата-ананың озбырлық жасап, өзінікі теріс, баланікі дұрыс бола тұрса да, «айттым бітті, кестім үзілді» деп үлкендігін бұлдап, әділетке қиянат жасау баланың дұрыс тәрбие алуына көп нұқсан келтіреді, жүйкесіне із қалдыратындай салмақ түсіреді. Шектен тыс қатал ұстау баланың жігерін жасытып қана қоймайды, білмекке құмарлығын мұқалтып, қиялын тежейді. Тіпті, баланың ата-анаға, өмірге көзқарасын бұзуы да ықтимал.
Балалары әке-шешесіне қиылып, олар да «қызым», «ұлым» деп мейірленіп, жұбын жазбай жарасып-ақ тұрады. Қандай жарсымды! Соған қарамастан қандай кішіпейіл, ізетті де қарапайым. Инабатты ұлдың өнегелі мінездерін көргенде бұл отбасындағы тәрбиенің іздерін көргендей сүйсінемін. Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса, пайдалы өнерге баулыса, жақсы, өнегелі орталармен үйір етсе, бала соғұрлым жақсыға қарай бейімделе береді.
Музыкаға, ән-күйге, сурет салуға әуестік, кітап оқуға спортпен шұғылдануға құштарлық т.б өнердің бәрімен де баланың қабілетіне қарай ата-ана таныстырып, достастыруы парыз. Жақсы әкелер сондай алуан өнермен табыстыра жүріп, өзі де баласының жан дүниесін, көңіл күйін, қабілет-қасиеттерін жақсы сезетін болды.
Баламен өмір жайлы көрген кино, оқыған кітаптар, адамдар, достар жайлы әңгімелесіп, сыр алысу-әке мен баланың достығын нығайтып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін шындай түседі. Ондай жағдайда әке мен баланың арсында ешқандай қырғи қабақтық, салқын көзқарас жасырын, жұмбақ нәрселер болмайды.
Еңбек - тәрбие құралы демекші ата-анамен балалардың жақсы қарым-қатынасы үй тірлігіндеде қалыптасады. Адамның мағыналы өмір сүріп, өнімді еңбек етуіне, көніл-күйінің ойдағыдай болуына алдымен оның үй-іші, отбасы жағдайыңың айырықша рөлі бар. Себебі, адамның күнделікті тіршілігі үшін үйіндегі береке-бірліктің, өнімді еңбектің, шат-шадымен тұрмыстың орны бөлек. Үйдегі, дәлірек айтқанда отбасы мүшелерінің арасындағы еңбек бөлісі жәй қарағанда ұсақ мәселе сияқты көрінгенімен, күнделікті тірлікте адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, қарым-қатынасына, жас ұрпақты еңбекке, жауапкершілікке баулуда зор әсері бар, арнайы сөз етуге тұрарлық мәселе.
Көпшілік отбасында үй шаруасы әйелі жұмыстан келгенше қозғалмай жатады. Ал, әйел болса жолшыбай магазинен азық-түлік сатып ала келіп, тамақ әзірлегенше тағы да біршама уақыт өтеді. Қарап отыруға ұялудың орнына қарны ашқан үй иесі әйелінен тамақ қашан әзір болады деп апшысын қуырады, кешіккені үшін жазғырады. Бір-біріне өкпе-реніш айтады, мұның арты кейде ұрыс керіске де айналады. Ал, мұндай құбылыстардың балаларға қаншалықты ауыр әсер ететіні, тіпті кейде бала жанын жаралайтыны ескерілмейді. Мұндай отбасының балалары жалқау, өмірге икемсіз болып өседі. Осынау отбасында үй тірлігін бөлісу, бір-біріне көмектесу дағдысы жоқтығы айқын.
Баланы жасынан тіршілікке бейім етіп өсіру тәрбиедегі бір ұтымды құбылыс. «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деген халық мәтелі де осыған орай айтылғаны бекер емес. Өмірден ешнәрсе үйренбей, әзірге мәзір болып өскендердің өзі кейін маған ешнәрсе істетпеген, үйретпеген әке-шешем деп қиындық басына түскенде ата-анадан көреді. Шамасы келетін нәрсеге баланы жасынан жұмсап оның орындалуын қадағалап отыру арқылы білмегенін үйретіп, тілалғыш, еңбек сүйгіш, тәртіпті етіп өсірген қандай ғанибет!
Көптеген отбасында үй шаруасын үй-ішіндегілері тегіс бөлісіп атқарады. Мысалы, кейбір отбасында демалыс күні үй-ішіндегі үлкенді-кішілі адамдар, бала-шаға бәрі қатысатын сенбілік ұйымдастырылады. Балалардың бірі шаң сүртсе, екіншісі су тасиды, үшіншісі үйдегі нәрселерді далаға шығарып, қағып-сілкеді. Қалғандары шамасына қарай кір жуады немесе аяқ киімдерін тазартып, жинастырады. Мұндай сенбіліктің уақыты алдын-ала ескертіледі. Әркімнің істейтің жұмысы бөлінеді, киетін халаттары немесе алдарына тағатын алжапқыштары, бастарына тартатын орамал, аяқтарына киетін аяқ киімдеріне дейін әзірленіп қойылады. Үйдегі еңбекке отбасы мүшелерінің тегіс баулиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі