“Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
“Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
Жарлық Қазақ даласының, Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бұл ашық әрі күшпен, жабайы тәсілмен жүргізілді. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақ даласынан, Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды.
Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады.
Аталған Жарлық казақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізгі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан кырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орта Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болып, ақыры жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, соңы Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты.
Сол көтерілістің негізгі ошағы Торғайдағы Амагелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрес болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі