Өлең, жыр, ақындар

Эрмитаж

Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай. Санкт-Петербург қаласында 1764 жылы Екатерина ІІ-нің (көптеген көркем шығармаларды сатып алған) жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 1852 жылы Эрлифтды көпшіліктің көруіне рұқсат берілді. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс (Ежелгі Мысыр мен Урарту өнерінің туындылары), көне, орта ғасыр өнері (Орт. Азия, Иран, Қытай мен Үндістанның өнер шығармалары) ескерткіштері молынан жинақталған. Эрмитажтдағы ежелгі скиф және Солтүстік Қара т. жағалауынан табылған көне ескерткіштер аса құнды бағаланады.

Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғасырлардағы француз және 18 ғасырдағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғыл. және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архит. ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды.

1964 ж. Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды., 17 – 18 ғасырлардағы француз және 18 ғасырдағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архит. ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 жылы қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды. 1964 жылы Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер