Депутат: Жоғары сынып оқушылары арнайы әскери форма сатып алуға мәжбүр
Жоғары сынып оқушылары қазiр алғашқы әскери дайындық сабағында киетiн арнайы форма сатып алуға мәжбүр. Ата-аналар осы талапқа тыйым салуды сұрап отыр. Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров осы мәселенi көтердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Айқын Қоңыров депутаттық сауалын бiлiм және ғылым, қорғаныс министрлерiне жолдады.
«Мектеп формасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығымен регламенттеледi. Орта бiлiм ұйымдары үшiн мiндеттi мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес ол күнделiктi, мерекелiк және спорттық болып бөлiнедi. 10,11 сынып оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық бағдарламасында балалар сабаққа ұқыпты киiнiп келуi тиiс деп жазылған. Оқытушы сабақ басталғанша взводтың жеке құрамы немесе оқу тобына киiм формасы қандай болуы қажеттiгiн айтуы керек. Осылайша, оқытушы-ұйымдастырушы оқушылардың сабаққа қандай киiммен келуiн өзi анықтайды. Сөйтiп, қазiр камуфляж костюмi, бас киiм, аяқ киiм және ақ түстi жаға астары жиынтығын алу талабы қойылған», - дейдi А.Қоңыров.
Депутаттың айтуынша, 10,11 сынып оқушылары және колледждiң 1,2 курс студенттерiнiң ата-аналары алғашқы әскери дайындық сабағына арнайы әскери киiм алу талабына шағымданып отыр. Өйткенi, арнайы әскери киiм алуға 20-30 мың теңге қажет. Ендi ата-аналар күн суығасын, қысқы киiм алу керек болады деп алаңдап отыр. Ал оның бағасы әлдеқайда қымбат.
«Бұл ретте барлық орта бiлiм ұйымдары Бiлiм және ғылым министрiнiң мiндеттi мектеп формасы туралы бұйырығын қатаң сақтауы қажет деп есептеймiз. Алғашқы әскери дайындық сабағы үшiн арнайы форма алу талабына тыйым салып, бұл сабақта күнделiктi немесе спорттық форманы киюге рұқсат беру қажет немесе Қорғаныс министрлiгi есебiнен оқушыларды арнайы әскери формамен қамтамасыз ету керек»., - дейдi депутат.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі