Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері

 «Ойнай білмеген бала, ойлай да білмейді,

Ойында озған бала өмірде де озады.»

Мектепке дейінгі мекемелерде өтілетін қазақ тілі сабағының ең басты мақсаты – балаларды ауызекі сөйлесуге, сөздердің мағынасын жетік түсінуге, сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, өз ойларын  шағын әңгіме түрінде баяндауға  және   қазақ тілінің  төл дыбыстарын дұрыс айта білуге үйрету.   Сонымен бірге  балабақшаларда балаларға қазақ халқының салт – дәстүрін, әдебиеті мен өнерін, Қазақстанның табиғаты мен оның байлығын, қазақ халқының басқа ұлттармен ынтымақты өмірі  туралы  мағлұматтар беру арқылы  балалардың  қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыра түседі.  Балалардың  сана – сезіміне  ата- бабадан қалған  өнер мен өнеге үлгілерін  жеткізіп, көрнекі құралдар мен ойын арқылы  қалыптастыру. Әр сабақта ойын түрлері, ойын әдістері көбірек қолданса, ойын ситуациаларды дұрыс пайдаланса балалардың тілдері жетік  жаттығады, сөздік қоры молаяды. Балаларды ойын  және ойынның көрнекі, техникалық құралдарын  пайдалана отырып сөйлем құрауға, сөйлеуге дағдыландырады.  

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын- дегеніміз не?

Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.  

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да рлдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

 «Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін.   Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың  сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,  «Көлемі бойынша қой» деген  секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен  кез келген ойын түрлерін  сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Рөлдік ойындар мектепке  дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.  «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне  пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс

Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.

Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.

Дидактикалық ойындар  кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі  ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз

Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы  зор.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды  тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде   де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сөздік  грамматикалық ойындар арқылы  сабақта балалар  түрлі жағдайларға, оның шешу жолдарына үйренеді. Ойын  баланың  логикалық қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Балалар жақсы ойындарды шынай ынтасымен, белсенділікпен  ойнай отырып сабақта алған білімін толықтырады, дамытады.  Ойынды тез үйренемін деп  ізденімпаздығы артады, шығармашылық  қабілеті дамиды. 

Мысалы, мектеп алды даярлық топтарға тілдегі дыбыстардың бір ең маңызды саласының бірі -  қазақ тілінің төл дыбыстарын  үйрету және дұрыс

Міне, күнделікті сабақта балаларға қазақ тілінің төл дыбыстарын граматикалық ойындар арқылы  үйретіп қана қоймай, сонымен бірге балалардың  ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, өмірді тани  білуге  үйретеді.

Халқымыз айтқандай: «Ойнай білмеген бала, ойлай да білмейді », «Ойында озған бала өмірде де озады» дегендей баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Қазақстан республикасының Білім туралы» Заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған. .... оқытудың  жаңа технологияларын  еңгізу, ғылым  беруді ақпараттандыру   халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық, желілерге шығу» деп,  білім беру жүйесін одан әрі  дамыту  міндеттері көзделеді. Соған орай «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері , білім мазмұнының  тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді, дамытудың  2005-2010  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында» тағыда басқа құжаттарда бүгінгі білім берудің алдына қойылатын талаптар, іске асыру шаралары анықталған.

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілі, мейірімділі, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру   тәрбиешілердің міндеті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жасқты дамуы  үшін логикалық ойындардың  рөлі ерекше.  Ойын- мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.

Ұлы Абай айтқандай: «Адам дүниеге келгенде ақылды болып тумайды. Естіп,көріп, оқып, ізденіп ақыл табады»деген екен. Ұлы Абайдың ақылын, қағидасын ескере отырып, білім беруді сүйіспеншілікпен, ықыласпен және мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.

Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайлы бірнеше еңбек жазған М. Жұмабаев «ұлттың тілінде  сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы,  мінезі айнадай анық көрініп тұрады... Қазақтың қаны бір,  жаны бір жолбасшысы- мұғалім» деп  жұмыс істеу шеберлігі ұштасқанда ғана табысқа жеткізеді.

“Баланы жастан” дейді халық бұл өміршең пікір. “Жақсы бала, ата-анаға бақыт” оған кішкентайынан жақсы кеңестер, өнегелі  тәрбие беріп отыру өмір талабы.

Тәжірибемнің көкейкестілігі

Балаларды ойын арқылы қазақ тілін оқытуды дидактикалық, ұлттық, сюжеттік – рөлдік, қимыл  ойындар түрлерін қолдану өте тиімді.

Ойын барысында балалардың   талабы көтеріңкі  және сезімталдығы:

- ойындарды  қолдану маңызын айқындау;

- балалардың ойынға деген  қызығушылық сезімін ояту;

- балаларды ойын – қызметінде ынталандыру;

- ойындарды өз  еркімен ойнауға,  белсенділік көрсетуге, жауапкешілікке,   бірлестілікке және дұрыс  шешім қабылдау;

- ойынның  нәтижесін талдау;

- балаланың білімін байыту;

- тілдік ойындар балалардың ойын  тереңдете түседі;

- жан - жақты дамуына  ықпал етеді;

Түрлі  ойын  кезінде  балаларда  бастамашыл, дербестік, байқағыштық, білімқұмарлық, тапқырлық, тез тіл тапқыштық қасиеттері қалыптасады. Мектепке дейінгі баланың қиялдау мүмкіндігі өте зор және еркін ойлау қабілетін  және есте сақтау,  ақыл ой шығармашылығын дамытады.  Ойын – оқу процесін  ширатады,  балаланың оқуға деген ынтасын арттырады және  сабақ қызық өтеді. Сонымен қатар  сабақта қолданылатын ойын түрлерінің тәрбиелік мәні де өте зор. Ойын  берілген білімді кеңейтуге, сабақта баланың зерікпеуіне көмектеседі және ой өрісін дамытуға, ойлау қабілетін арттыруға оң әсерін тигізеді.

Қазақ тілі  сабақтарында ойын элементерін пайдаланудың тиімділі, тәрбиелік мәні зор екеніне өз тәжірибемде көз жеткіздім. Әрине, ол үшін балалардың жас ерекшеліктерін қабілеттерін , психологиялық және білім деңгейі мен дайындық дәрежесін ескере отырып, жоспарлау қажет. Ойын үстінде баланың сана сезімі, өзін – өзі бақылауы, тапсырылған іске жауапкершілігі, өз іс әрекетін басқалармен салыстыра алуы, достарының пікірін сыйлау, өз ойын дәлелдеуі, зейіні, ойлау қабілеті дамиды.  Сабақтың тақырыбы, түрі, өтілетін материалдың ауыр – жеңілдігіне қарай қолданылатын ойынның түрлері көп.

Ойын баланың бойында тұлғалық жақсы қасиеттерді қалыптастыруға,  адамдармен қарым – қатынас жасауға тәрбиелейді.  Мысалы :  Ж. Аймауытов айтқандай «Еске түсіру, өнері дегеніміз – ойлау өнері, байланыстардың мәнісі-ойлау» дейді. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді, өзін ұстай білуге, жұпта, топта, өз – ара сыйластыққа баулыйды.  


Пікірлер (1)

Дидар

Жақсы жазылған!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз