Анафилактикалық шок (АШ) (коллапс) – әсіре сезімтал организмде антигеннің әсерінен пайда болатын өте жедел және жүйелі реакция. Бұл аллергиялық реакциялардың I түріне жатады, гемодинамиканың декомпенсациялық бұзылысымен байқалады. Клиникасы бойынша анафилактоидты реакцияға ұқсас.
Антиген организмге кез келген жолмен, мысалы, көктамырға дәрілер енгізгенде, тағамдық аллергендерден, ингаляция арқылы, шыбын-шіркей, жылан шаққанда түсе береді. Дәрілік АШ көбіне пенициллин мен рентгенконтрастық (құрамында йоды бар) заттарға байланысты, ал бұл басқа антибиотиктерде, полипептидтік гормондарда (АКТГ, ТТГ, инсулин), новокаинда, лизоцимде, В витаминдерінде, түрлі сарысуларда, иммуно- глобулиндерде сирек. АШ аурудың алдын алу үшін егілгенде, теріге сынама жасағанда (арнайы гипосенсибилизация үшін) пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай организмге тағамдық аллергендер (мысалы, сиыр сүті, жаңғақ, балық, тауық жұмыртқасының ақуызы), консерванттар (метилбисульфит, глутамат, аспартат), дәрі-дәрмектер (каптоприл, ацетилсалицил қышқылы) түскенде де байқалуы ықтимал. Кейде АШ себебі белгісіз.
АШ ауырлығы, әдетте, аллергенмен қатынас уақытына кері пропорционал, яғни аллергенмен жанасудан кейінгі клиникалық көріністің байқалу мерзімі неғұрлым аз болса, АШ ағымы соғұрлым ауыр.
Аллергендер парентеральды жолмен түскеннен кейінгі алғашқы белгілері - әлсіздік, қорқыныш сезімі, мазасызданудан соң науқас есінен тана бастайды, қатты терлеп, терісі бозғылт тартады, аузы көбіктеніп, кіші дәрет пен улкен дәретті ұстай алмай қалады, денесі құрысып, кома пайда болады. Мұндай кезде науқасты тек белсенді түрде жүргізілген күшті ем ғана құтқара алады. Науқас кез келген уақытта жан тапсыруы мүмкін. Аллергенді жұтқан соң, әдетте, 30 минуттан кейін ауыз маңы мен беттің шанши бастаганы сезіледі. Науқас адам ма- засызданып, денесін қорқыныш, жайсыздық билеп, басына қан теуіп, терісі жаппай қызарады, жүрегі айнып, тері реакциялары, мысалы, уртикарий, ангионевротикалық ісіну, қышыма т.б.;респираторлық, мысалы, дауыстың қарлыгуы, түшкіру, жөтел, тыныс алудың қиындауы - стридор, тамақмен өкпенің сығылуы, ысылдап дем алу, ентігу, мұрынның бітелуі, ринорея, конъюнктивит; жүрек-қан тамыр аурулары - тахикардия, жүрек соғу дыбысының көмескіленуі; асқазан-ішек - іштің түйіліп ауыруы, құсу, іш оту бұзылыстары байқалады. Бұдан кейін науқас бозарып, тұлабойынан тер ағады, аритмия байқалады, жүректің соғуы мен тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін.
Емі
Құсық аспирациясынан асфиксия болмауы, қақалмауы үшін науқасты бүйірінен жатқызады, құсық болмағанда ауруды шалқалай жатқызып, аяқ жағын биіктетеді. Денесіне жылытқыш (грелка) басып, тыныс жолдарын босатып, таза ауамен, оттегімен дем алуына мүмкіндік жасайды. Дәрі енгізілген не шіркей шаққан жерден жоғары тұсқа қылбұрау салынады, антигеннің сіңуін азайту үшін төңірегіне мұз басады. Осыдан кейін бірден және тездетіп төмендегі мына шаралар жүргізіледі:
1. Тері астына 0,1% адреналин енгізеді. Оны бұлшық еттен енгізуге болмайды, өйткені қаңқа бұлшық еттерінің қантамырларын кеңейтеді. Немесе 1% мезатон не норадреналин (0,01 мл/кг); кофеин ерітіндісі 0,1-ден 1 мл-ге дейін не осындай мөлшерде кордиамин енгізіледі. Бұл дәрілерді 15-20 минуттан соң қайталап береді. Егер қан қысымы көтерілмей, жалпы әлсіздік сақталса, қанға 0,01% адреналин (1 мл 0,1% адреналинді 10 мл изотоникалық №С1 ерітіндісінде сүйылтады), не 0,1% мезатон 0,1 мг/кг мөлшерде 10-20 мл 5% глюкоза ерітіндісімен бірге жайлап енгізеді (бұл ерітіндінің 1 мл-де 4 мкг адреналин болады); Қанға жылдам коллоидты (тек белоктық емес) кан алмастырушылар немесе NaCl -дың изотоникалық ерітіндісін (15 мл/ кг/мин) енгізудің де қысым көтеруге ықпалы бар. Кей жағдайда (олигурия, жүрек әлсіздігі) оттегі емінде допамин енгізу тиімдірек (200 мг 250 мл изотоникалық NaCl ерітіндісіне; яки мұндай ерітіндінің 1 мл-де 800 мкг допамин бар) - мөлшері әр кг дене салмағына шаққанда минутына 5 мкг-ды (бастапқы мөлшері) бірте-бірте 10-14-20 мкг/кг/минутқа жеткізеді. Мынаны ескерген жөн: допамин көп мөлшерде болса, олигурияға әкеп соқтырады.
2. Кортикостероидтар шоктан шығаруға керек дәрі болмаса да, оның қажетті әсер ететін барлық тетіктерін ескеріп, қанға құюға болады: метипреднизолон (20-40 мг), преднизолон (2-3 мг/кг), не бүлшық етке гидрокортизон (4-8 мг/ кг) әр 4-6 сағат сайын, АШ-тен шығарған соң преднизолонды ішуге береді, оны 5-7 күнге созады.
3. Қолқаның түйілуі және тыныс бұзылыстарының басқа көріністерінде қанға 2,4% әуфиллин (5-7 мг/кг 20 мл изотоникалық КаСІ ерітіндісімен) әр 4-6 сағат сайын. Кейінірек мөлшерін 2 есе азайтады немесе әр кг дене салмағына шаққанда сағатына 1 мг мөлшерде құйып енгізеді.
4. Жүрек әлсіздігінде глюкагон (50 мкг/кг) және жүрек гликозидтері (жасына қарай строфантин) қолданылады. Тыныс жолдарының бос болуын қадағалап, қажет болса, шұғыл ауа түтікшесін енгізеді. Интубациялық түтіктің ішкі диаметрін есептеу формуласы: түтік диаметрі (мм) (1,6 + баланың жасы): мысалы, 2 жасар балаға 4,5 мм.
Тұрақты (20 минут бойы) артериялық гипотензия болса, өкпені жасанды жолмен желдетуге көшу керек.
5. АШ кезінде бұлшықетке (қанға) N1-гистаминбөгегіштер енгізіледі, АҚҚ қалыбының (жасына қарай) 2/3 деңгейіне көтерілген соң димедрол, пипольфен (бір ретке 0,5 мг/кг) не тавегил (бір рет бұлшықетке 12,5 мг/кг) енгізіледі. Қанға бұлшық етке берілетіннің 1/3-і. Антигистаминдерді ішке 3 тәулік бойы береді. Ауыр АШ: дұрысы бұл дәрілердің жылдам әсерлілері (II буын) - зиртек, Н2-гистамин бөгегіштер (циметидин 5 мг/кг не ранитидин 1 мг/кг). Пипольфен жарамайды, өйткені гипотензивті әсері көбірек. Пенициллиннен болған АШ кезінде коллапс пен асфиксиядан шығарысымен, бұлшық етке пенициллин жіберіледі (1 млн.бірлік).
АШ көрінісі бар барлық науқастар міндетті түрде жатқызылуға тиіс, себебі шок ағымы толқынды болуы ықтимал. Әдетте, науқастың нашарлауы оның басталуынан кейін 5-24 сағат өткен соң байқалады.
Науқас керек жеріне тек өлім қаупінен шығарылғаннан соң ғана жеткізіледі. Ауруханада инфузиялық ем қантамырдан тыс аймақта жоғалған сұйық мөлшерін толтыру және айналыстағы қан көлемін қалпына келтіру үшін жүргізіледі. Есте болатыны: кей науқаста (ауыр шоктың барлығында) жалпы қантамырлық үю синдромы дамуы мүмкін, бұған антикоагулянттық (гепарин) және антиагреганттық (курантил) ем қажет. Миокардит, гломерулонефрит, сарысу ауруы, энцефалит дамуы мүмкін болғандықтан, науқас ауруханадан ең кемінде 10 күннен кейін шығарылады. Аталған АШ мүмкін асқынуларының алдын алу үшін ауруды ауруханада тексеру жолдарын жасайды.
АШ тиімді емінің аса басты шартына барлық әрекеттердің жылдам, бағытты және сауатты жүргізілуі. Бұған араласқан қызметкерлердің біліктілігі мен іскерлігі ауадай қажет. Барлық емдік ұжымдарда (оның ішінде стоматологиялық және аллергиялық кабинет, шипажай, мектептер т.б.) түрлі инъекция, алдын алу егулері, аллергологиялық тексерулер және арнайы иммундық ем жүргізілетіндіктен, науқасты АШ-тан шығаруға қажет дәрі-дәрмектер мен жабдықтар болуы, шұғыл көмектің қандай кезекте жүргізілуі жайлы нұсқаулар ілінуі тиіс. Дәрігерлер осы тақырыпқа жыл сайын емтихандар тапсыруы қажет.
Алдын алу
Дәрілерді парентеральды енгізуге, аурудың алдын алатын осындай дәрілерге науқас адамның аллергиясы жайлы сұрастырып, білу қажет. Егер тиісті осы дәрілерге бүрын аллер- гия болса, оны енгізуге болмайды. Ал қалайда керек болса, бұған сезімталдықты анықтауға арналған терілік сынама жүргізілуі тиіс. Тегі бөгде биологиялық дәрілерді (лизоцим, продигиозан, желатин, контрикал т.б.) балаларға аса қажет кезінде ғана тағайындаған жөн. Алдын ала егу, дәрі, аллерген енгізгеннен кейін бала ең кемі жарты сағаттай дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Г.К.Ысқақов, С.Х.Хамзин дәрігерлер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі