Өлең, жыр, ақындар

Сізбен етене өмір сүретін жағымсыз микроағазалар

Көзге көрінбейтін бактериялар, микроскоптық азғалар бізбен бірге миллиондаған жыл бойы өмір сүріп келеді. Жер бетінде пайда болған тұңғыш күрделі микроағза – осылар дейді ғалымдар. Және осы микроағзалардың ең үлкен бөлігі барынша адамға жақын өмір сүруге тырысады: біздің денеміз оларға қолайлы орта жасап бере алады. Үйіңізде өмір сүруі мүмкін бес жағымсыз бактериямен таныс болыңыз. 

Шаң кенесі
Мекендейтін орны: төсек

Шаң кенесі
Көзге көрінбейтін, жиіркенішті паразит сізбен іргелес өмір сүреді: жастықтар, көрпелер, матрас – статистика бойынша әр төсек шаң кенесінің нағыз ордасы. Мұнда олар миллиондап жүреді. Ылғалдылық пен қапырық бұлардың көбеюіне атсалысады. Олардың алдын алу үшін үйді жиі желдетіп, көрпе-жастықты жиі ауыстырыңыз. 

Қара зең 
Мекендейтін орны: қабырғалар 

Қара зең
Бұл жағымсыз көршінің ғылыми атауы — Aspergillus niger, көбіне төбенің астында (потолокта), немесе түсқағаздың (обои) артында болатын қара зең. Қара зең көптеген аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін: егер қыс кезінде де аллергияға ұшырап жүрсеңіз – пәтеріңізді мұқият тексеріңіз. Ең дұрысы қабырғаны арнайы антисептикалық тегістеумен бояу. 

Зең (грибок)
Мекендейтін орны: үй шәркесі 

Зең
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дабыл қағып жатқанына көп болды: статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жер бетіндегі әр бесінші адам зең ауруына шалдығады екен. Негізінде, зеңнің бөлшектері әр үй шәркесінде бар, онымен ауырып қалмауға тек жақсы иммунитет кедергі бола алады. Аяқ киіміңізді әр екі ай сайын ауыстырып отырыңыз немесе жуыңыз – зең жоғары температурадан қорқады. 

Ішек таяқшасы 
Мекендейтін орны: кілем 

Ішек таяқшасы
Ішек таяқшасы тағам өнімдерінде ғана емес, кілемдерде де өмір сүруді жақсы көреді екен. Олардан құтылу мүмкін емес, оданша ескі кілемдерден құтылып отырған жөн. Егер кілемсіз өмір сүру мүмкін емес болса – қысқа түктілерін таңдаңыз: оларды антибактериалды сусабындармен жууға болады.

Бактериялар отары 
Мекендейтін орны: төсек-орын тысы 


Төсек-орын тысы тез кірлейтіндердің қатарынан екенін жақсы білесіз. Төсек-орын тысында бактериялар көбеюі үшін екі түн жеткілікті. Олар сіздің денеңізден бөлінетін терді бай қорек орта деп біледі. Төсек-орын тысын аптасына кем дегенде бір рет ауыстырып отыру қажет. Оны төсемес бұрын үтіктеу де микроағзаларды өлтіруге мүмкіндік береді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Санат

Шаң кенесі қорқынышты бррр

Асел

Шынымен де шан кенесы коркынышты.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар