Қостанай ауданы
Мичурин орта мектебінің
6-сынып оқушысы
Мухамедгалиев Болат
Таба алмай оң мен солыңды,
Адассаң қапылыста.
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,
Шығысқа,
Батысқа. (Компас)
Бір құлаштай сабы бар,
Бунақтары тағы бар.
Басы ұқсас қайыққа,
Жолықтырар ойыққа,
Қос танабы тартылған,
Ұзына бойы ән тұнған. (Домбыра)
Жүректі баурар үні бай,
Баршаға ортақ тілі бай ( Саз)
Сол қалпында қабылдап,
Жазып алар тезбе – тез.
Қайталайды тақылдап,
Тыңдай қойсаң көзбе-көз. (Магнитофон)
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)
Жердің ирек құртына,
Құмар асау ұртына.
Ілгек іліп шығарды,
Судың жаға сыртына. (Қармақ)
Үңгіген ішіне,
Қорғасын құйылған.
Әдемі түсі де,
Әрі тигіш қиырдан. (Сақа)
Темір тайым,
Тамақты еш жоқтамайды. (Велосипед)
Аузына іліккен,
Тез құрыр. (Мылтық)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүретін жолы жоқ.
Мініп алсаң зулайды,
Бірақ ізі қалмайды. ( Қайық)
Үрлесең жеп- жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң,
Көк –теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
Өзеннің қос жағасын,
Жалғастырған жол жатыр,
Тура өтіп шығасың,
Су кештірмес қол шатыр. (Көпір)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі