Дихан Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Мойылдыбұлақта дүниеге келді. Жетіжылдық бастауыш мектепті бітірген. 1934-1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жас кезінен әрнәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған ақын. Дихан Әбілев туған ауылында, Қызылжар, Қарағанды, Алматы қалаларындағы мәдени-ағартушылық мекемелерінде, газет басқармаларында, Жазушылар одағында қызмет атқарды.
Жазушының алғашқы өлеңі «Қызыл әскерге» атты 1925 жылы Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жарияланды. Дихан Әбілевтің көптеген өлеңдері мен мақалалары республикалық газет-журналдарында жарияланып отырды. 1931 жылдары Баянауылда «Ленин туы» газетінде жауапты хатшы қызмет атқарды.
Соғыс алдында Дихан Әбілевтің аты ақын ретінде атағы шығады. 1937 жылы ақынның алғашқы «Қуат» атты өлеңі шығады. 1938 жылы «Шалқыма» поэмасы жарияланады, онда жетім баланың ащы тағдырын романтикалық бояумен суреттеген.
1939 жылы Дихан Әбілев Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының аспирантурасына түседі және сол мекемеден соғысқа аттанады.
Ақын - жауынгер Дихан Әбілев Ұлы Отан соғысының жылдарынан өтеді. Соғыс кезінде шығарған өлеңдері біздің халықтың қиын-қыстау жылдарындағы патриоттық шығармалардың түп нұсқалық үлгісі болады. «Москва түбінде», «Майданбек», «Азия шындары», «Қазақ қызы», «Сүйіктім туралы жыр» және басқадай оның өлеңдері майдан газеттерінде басылды.
Осы жылдары ақын шығармашылығында әсіресе «Майданбек» поэмасы ерекшеленеді. Бұл шығармада бұрынғы дала шопанының қатардағы жауынгер-қазаққа айналуындағы шабытты-жолынды істері бейнеленген.
Соғыстан кейінгі жылдарда үлкен шығармашылық табыспен жазылған «Шолпан», «Тасқұлақ», «Дариға», «Махаббат тағдыры» поэмаларын атауға болады. 1951 жылы «Алтай әуендері» кітабы жарық көрді. Кейіннен ол осы тақырыпта «Алтай жүрегі» романын жазды, ақын азамат соғысы кезіндегі Алтайда болған үлкен тарихи оқиғаларды поэтикалық тілмен өрбіте білді. Дихан Әбілевтің поэтикалық шығармаларының бірқатары туған өлкесі - «Кіші Отанына» арналған: «Туған жерім-Баян», «Туған Павлодарыма сөз» атты өлеңдер. Ақын есебінде 30-дан аса өлеңдер мен поэмалар жинақтары бар.
1965 жылы Дихан Әбілевтің алғашқы прозалық шығармасы «Ақын арманы» атты жарыққа шығады, ол үш кітапті көркем шығарма.
Дихан Әбілев - жазушы, ақын, драматург, аудармашы. Оның «Қарулас достар», «Майра», «Біржан сал мен ақын Сара» пьесалары жазылған. Қазақ тіліне орыс, түрік, армян, шетел әдебиеттерін. Д. Әбілевтің шығармалары көптеген тілдеріне аударылды.
Д. Әбілев қазақ әдебиетін дамытуға қосқан өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақ ССР жоғарғы кеңесі Президиумының жарлығымен оған «Қазақ ССР халық жазушысы» құрметті атағы беріледі, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», «Парасат», «Халық достығы», 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапаталған. 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің грант иегері болды.
Шығармалары: Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ,1958; Шығармаларының екі томдығы А., «Жазушы», 1977, 1984, Махаббат құдіреті. Роман. А., «Жазушы», 1991; Мелодия весны. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993; Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., «Жазушы», 1997; Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2001.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі