Өлең, жыр, ақындар

Cұлы және оның пайдасы

Сұлы – жер бетінде 4000 жылдан бұрын пайда болған дәнді дақыл. Ол туралы алғашқы жазбаларды Греция мен Үндістанның медициналық трактаттарынан кездестіруге болады, ал бұл өсімдіктің дәндері ежелгі жерлеулерді қазғанда табылған. Сұлының тарихи отаны Монғолия мен Қытай болып саналады, қазіргі кезде ол көптеген еуропалық елдерде өседі. Сұлы ботқасы ағылшындардың дәстүрлі таңғы асы ғана болып қоймай, Ұлыбританияның ұлттық символына айналды.

Ежелгі Қытай, Мысыр мен Үндістанның шипагерлері онымен ауруларды емдеген және жалпы нығайтатын әрі тыныштандыратын құрал ретінде қолданған.

Қазір сұлыдан жасалатын ең танымал өнімдер – сұлы қауызы, печенье мен ұн.

Сұлының химиялық құрамы мен құнарлылығы

Сұлының пайдасы оның бай құрамымен байланысты. Бұл дақылда салмақты қалыптандыратын, қандағы холестерин құрамын қажетті деңгейде ұстап тұратын,  тамырларды атеросклерозды түйіндерден тазалайтын көптеген пайдалы заттектер бар. Бұлар  В, F, А, Е, крахмал, көмірсулар, ақуыздар, майлар, ферменттер, аминқышқылдары, минералды тұздар, эфир майы және қант.

Сонымен қатар, микроэлементтердің бірегей жиынтығында атап өткен жөн: хром, цинк, кремний, калий, мыс, селен, бор, вольфрам, йод, қалайы, титан, стронций, цирконий және марганец.

Бірақ, бәріненде сұлының құрамында ас қорытуда және зат алмасуға қатысатын пантотенді қышқыл көп.

Бұл дақыл диеталық өнім болып саналғанымен, айтарлықтай құнарлы. 100 грамм өнімде 300 ккал бар.

Сұлы дәнінің құрамы:

• Крахмал 60%-ға дейін

• Ақуыз 14%-ға дейін

• Майлар 9%-ға дейін

Сұлының пайдалы қасиеттері мен қарсы көрсетілімдері

• Сұлы бүкіл ағзаны жалпы нығайтатын қасиетке ие.

• Оның құрамында дәрумендер мен минералдардың үлкен тобы бар. А, Е дәрумендері шаш пен тырнақтың өсуіне, саулығына, терінің серпімділігіне пайдалы болса, B, F дәрумендері жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдарына оң ықпал етеді, күрделі көмірсуларды глюкозаға айналдырады.

• Қан құрамындағы қант деңгейін азайтады, сондықтан сұлыны қант диабетіне шалдыққан адамдардың тұтынғаны жөн.

• Сұлының пайдалы қасиеттерінің бірі ол организмдегі артық сұйықтықты шығарады, ісінулермен қоса зиянды заттарды да шығарады. Бұл жағынан, сұлыны ұзақ медикаментозды емнен кейін пайдаланған жақсы.

• Сонымен қатар, ол несеп-тас ауруыменде күресуге көмектеседі.

• Холестеринді түсіруге әсер етеді.

• Сұлы асқазан-ішек жолының қызметіне оң әсер етеді: тыныштандырады, бүкіл ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді. Сұлының ішекке пайдасы – ол іш қатумен күреседі.

• Жүйке жүйесін нығайтады, күйзеліс кезінде көмектеседі.

• Сұлының суы мен тұнбасы ыстықты түсіретін, терлететін қасиетке ие.

• Сұлы бауырға өте пайдалы. Белгілі болғандай, бауыр – біздің қан түзу мүшеміз. Онда бүкіл токсиндер мен шлактар жиналады. Бауырымызды тазалай отырып, біз ағзамызға жаңа күш береміз.

• Сұлы азғаның ауруға төтеп беру қабілетін арттырады.

• Жөтелді өте жақсы емдейді және қалқанша безге өте пайдалы.

• Сұлы дәндерінде құрамы бойынша бұлшық ет ақуыздарына жақын аминоқышқылдар бар.

• Сұлының құрамында пайдалы ферменттер мен органикалық қосындылар бар.

Бірақ, сұлының пайдалы қасиеттерімен қоса, қарсы көрсетілімдерінің де бар екенін білген жөн.

Қарсы көрсетілімдері

Сұлыны өт жолы ауруларында, бүйрек жеткіліксіздігінде байқап қолданған жөн. Әрқашан емдеуші дәрігермен кеңескен және өзіңізге қатысты ерекшеліктерді нақтылап алған жөн. Сұлыны ағзаның жеке қабылдамауы.

Сұлыны қолдану аясы өте кең. Сұлы халық медицинасында, кулинарияда, косметологияда, тігін және қағаз өндірісінде, құрылыс материалдары өндірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар, сұлының шаруашылықта алар орны ерекше. Біріншіден, ол – құнарлы мал азығы. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады.

Тұмауға қарсы сұлы рецепті

1 стақан сұлы дәндерін алып, оны жуып және оған 1 литр су құю керек. Түнге қалдырып, таңертең бастапқы кездегі сұйықтықтан жартысы қалғанша оны отқа қоямыз. Сүзіп, дайын қайнатпаны бір күнде жылы күйінде ішу керек. Сонымен қоса, 2 стақан айранды алдын-ала үгітіліп, араластырылған 5 дана сарымсақпен күні бойы ішеміз.

Құрғақ жөтелге қарсы сұлы рецепті

Сұлыдан сүт қайнатпасын әзірлеу үшін қауызымен бірге 1 стақан сұлы керек. Оны алдын-ала жуып, кастрөлге үстіне 1 литр сүт құямыз. Оны 1-3 сағат бойы әлсіз отта бұқтырамыз. Осы уақыт арасында сүт сарғаюы мүмкін, бұл қалыпты реакция.

Бұдан соң, қайнатпа сүзіліп, оған сары май (50 грамм майға 1 стақан сүт) және бал (1 ас қасық бал 1 стақан сүтке) қосылады. Барлығын жақсылап араластырамыз. Қайнатпаны күні бойы жарты стақаннан тәулігіне 6 ретке дейін қабылдайды. Бірақ, міндетті түрде бұл сұйықтықтың бір стақанын қабылдау керек!

Май мен балды қалауыңызша азайтып не көбейтуіңізге болады. Алайда, бұл екі ингредиент жөтелдің кез-келген түрінде маңызды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Лола

керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз