Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең ұзын және биік шыны көпір

Қытайдың Хунань шет аймағында 2016 жылдың тамыз айында келушілер үшін әйнек көпір ашылды, ол әлемдегі ең биік және ең ұзын көпір болып саналады.

Ұзындығы 430 метрді құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған көпір 300 метр биіктікте салынған және Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы екі таулы жартасты жалғастырады, мұнда «Аватар» фильмінің түсірілімі жүргізілген.

Көпірдің ені 6 метрді құрайды.

Көпір құрылысына 3,4 млн. доллардай жұмсалған. Көпірдің едені үш қабатты шыныдан жасалған 99 мөлдір тақталардан құралған.

Құрылыстың сәулетшісі израильдық азамат Хаим Дотан болды.

Әйнек көпірлерде йогамен айналысу жиі өткізіледі, ал жас жұбайлар үйлену тойларының фотосессияларын жасауды ұнатады.

2017 жылдың маусым айынан бастап көпірден созылғыш арқанмен (банджи-джампинг) секіруге болады деп күтілуде.

Чжанцзяцзе саябағының басшылары көпірге күніне 8000-нан артық адамды өткізбейтіндігін мәлімдеді.

Көптеген түрлі сынақтар қауіпсіздікке кепілдік береді – бұл жерде қоршаған орта температурасының өзгеруіне төзімділігі және жел соққан кездегі тербелуі тексерілді, және де сенімділікке тесттер жасалды. Сонымен қатар, мысалы, әйнекті зілбалғамен де ұрып көрген.

Соңғы ақтық аккорд ретінде құрастырушылар оның үстімен жолаушылары бар автокөліктен жүріп өткен.

 

«Ержүрек еркектер көпірі», 2015 жыл

Әйнек көпірлер Қытайда өте кең танымал – бірінші кезекте қызықты кең көлемді суреттер түсіруге мүмкіндік беретіндігінің арқасында.

Шыны көпірлердің ішіндегі ұзындығы бойынша келесі рекорд та қытайлық көпірге тиесілі. 2015 жылдың күзінде Шинючжай ұлттық саябағында 180 метр биіктікте орналасқан ұзындығы 300 метр болатын көпір ашылды. Ол «Ержүрек еркектер көпірі» деген атқа ие болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Еділ

Міне маштаб, басым айналып кетті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар