Өлеңдер Бөлімі

Елімізде мұғалімге дауыс көтеріп, ұстазды сыйламайтын оқушылар күрт көбейген

Соңғы жылдары мектептерде мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжің көбейіп кетті. Күнделікті жаңалықтан еститініміз «мұғалім оқушыға қол көтерді», «оқушы ұстазына тіл тигізді» деген сарындағы хабарлар.

Ұстазға деген құрмет жылдан жылға төмендеп бара жатқандай. Осыған байланысты «nur.kz» порталының «мұғалім мен шәкірттің тіл табысуына не кедергі?» деген сауалдың жауабын оқырман назарына ұсынамыз.

Таяуда ғана Атырауда мектеп оқушысына қол көтерді деген тәрбие ісінің меңгерушісі лауазымынан төмендетілген болатын.

«Құлағы ауырып жүрген қызымның мектеп дәлізінде бас киіммен жүргенін ұнатпаған ұстаз баламның басынан ұрды, - деген ата-ана тиісті орындарға шағым түсірген. Ол оқушыға қол көтерген ұстаз жұмыстан түбегейлі босатылсын деген болатын.

Ал, Ақтөбе қаласында керісінше елдің көзінше мұғалімін балағаттап, қоғамдық тәртіп бұзған оқушы 15 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды.

Осы жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысына қарасты Қараоба ауылындағы мектептің 10-сынып оқушысы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінен таяқ жеп, ауруханадан бір-ақ шыққаны естеріңізде болар. Оқушысының шабынан теуіп жыныс мүшесіне зақым келтірген мұғалім бүгінгі таңда қызметінен кетіп тынды.

6-сынып оқушысы сабақ үстінде тәртіпсіздік танытып, қытығына тие берген соң шымкенттік 26 жастағы ұстаз оған дөрекілік танытып, жағасынан алған. Артынша мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен болатын.

Тізе берсе, мұндай жайттар жетіп артылады.

Мұғалімдер оқушыларын тыңдата алмай ма, әлде оқушылардың мінезі бұзылды ма?

27 жылдық еңбек өтілі бар Сауырбаева Риза есімді алматылық ұстаздың жетекшілігімен осы уақыт аралығында төрт сынып түлеп ұшқан екен.

«Өз басым - қазір мектепте ең бұзық деген сыныптың жетекшісімін. Балалардың психикасы да заманға қарай өзгергенін жасырмаймын. Қазір мұғалімдер мен оқушылардың арасында түсіністік жоқ. Олар тәртіп бұзып, сөзге құлақ аспайтын балаларды «сен бұзықсың», «сен анаусың-мынаусың» деп балағаттауға дейін барып жатады. Сөйтіп оларды өшіктіріп алады. Дәл сол мұғаліммен ерегеседі, соның сабағында тыныш отырмайды. Менің көріп жүргенім осы», - дейді тәжірибелі ұстаз.

Риза апай алдына келген тәртібі нашар баламен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

«Менің алдыма келген ең бұзық деген балалардың өзін «сен жақсысың», «сенен сондай мықты біреу шығады», «сен болашақта жақсы тұлға боласың» деп қанаттандырып қоямын. «Кел, сен бүгінгі сабақта балаларға басшы бол, олардың тәртібін қара» деп кейде оларға сенім артып, ынталандырамын. «Сен - есуассың», «бұзықсың» дей берсең, кез келген баланың намысына тиеді бұл сөз. Сондықтан мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжіңнің болу-болмауы ең бірінші ұстазға байланысты» - деп ойлайды Риза апай.

Жақсы ұстаз «надан» деген баладан саналы баланы қалыптастыра алатынына сенімді.

«Менің биылғы 9 сынып оқушыларыма жетекшілік етуден бүкіл мектеп бас тартқан. Олардың арасында ата-анасын тыңдамайтын балалар да бар. Мен оларды айыптап, ешқандай жетістікке жете алмайтынымды білдім. Оның орнына оларға «Неге сендер жаманатты бола бересіңдер? Өздеріңді көрсетіңдерші», - дедім. Қазір, құдайға шүкір, олар мектеп формасын киіп, сабақтан қалмайды», - дейді ұстаз.

Тәжірибелі ұстаз мұғалімдердің қазіргі беделіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Бізде қазір бедел жоқ. Балаларға сәл қолымыздың ұшын тигіздік пе, балалардың өздері бізді: «Қазір мамам келеді, шағым жазады», - деп қорқытады. Балалар төбелесті ме - сынып жетекшісі сөгіс алады, оқушы сабаққа келмеді ме, сандалып соның үйіне барып сабаққа келуін өтініп, жалынамыз. Біреуді зорлап кетсе де мұғалім кінәлі, біз олардың жанында майшам ұстап тұрғандай... Көптеген ата-аналар балаларына көңіл аударуға уақыт таппайды. Балалары мектепке кірді ме, бітті. Біздің мойнымызға артып тастаған. Ал бірдеңе бола қалса, бірден мектепке жетіп келеді. Біз кінәлі болмасақ та ата-ананың алдында кешірім сұраймыз», - дейді ұстаз.

Ал ауыл мектебінде 29 жыл бойы математика пәнінен сабақ беріп келе жатқан Майрабану Есжанова қазіргі оқушылар мен бұрынғы оқушылардың арасындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін айтады.

«Біз сенгіш, иланғыш болдық. Бізге не тапсырма берсе, соны мүлтіксіз орындайтынбыз. Артық ұрыс естуден қашатынбыз. Ұрыс естісек, жанымыздағы балалардан ұят еді. Қазіргі балаларда намыс жоқ па, ұрыс естіп жатса да, үйреншікті сияқты. Берілген тапсырманы орындамай келе салады. Бәріне топырақ шашпаймын, ішінара жауапты балалар бар», - дейді ұстаз.

Майрабану апай жас мамандардың тілазар оқушылармен дұрыс жұмыс істей алмайтынын алға тартады.

«Олар өзіне сөз қайтарып, тіл алмайтын оқушыларға балағат сөздерді байқамай айтып қалып жатады. Ол этикаға жатпайтыны белгілі. Бұл жағдайды әрине, бала үйіне жеткізіп барады. Содан жанжал басталады. Меніңше, қазіргі жас мамандарға оқушылармен түсіністік таба білу керек. Оларды қорқытып, айғайлап шошытудан ештеңе шықпайды», - дейді Майрабану апай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (17)

Ақбөпе

Ата-ана мен ұстаздар бірігіп жұмыс жасауы керек, Мақсаттары бір емес пе? Мұғалімдер ата-ананың жағдайын түсіну керек, ата-аналар ұстаздың.

Жадыра

Осындай жагдай биздинде басымыздан отти,балама меним козимше сендер осылай сумсип келесиндер отирикшисиндер деп айкалап жатыр,мен ескертим бирак енди осылай кайталанса ренжимениз Деп кетим,бирак ол минезин озгертпеген естип журмин. Осындай апайлар калай окушыга табие береди сумдыккои !!!

Ерлан

ата - анаға байланысты

Гульмира

Дурыс, үйдеги тәрбиеге байланысты

Саке

Жас мамандарды балалармен жұмыс жасауға ешкім де үйретпейді, жоғарғы оқу орнында ешкім қалай жұмыс істеп, баламен қалай тіл табысу, сабақта өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйретпейді. Бар мәселе осында. Ал жұмысқа орналасып, мектепке келгенде тағы да ешкім ештеңе де үйретпейді. Содан барып жастар жұмыс жасай алмайды дейді. Нәтиже тәжірибемен келеді, әрине. Бірақ өз мамандығын сүйіп тандаған жастарымызды осылай мектептен бездіреміз

Бекболат Маратұлы

Педагогқа оқығанда бұның барлығы үйретілмейді ме? Дұрыс оқымаған немесе сатып алған дипломды )

Сабира

Мұғалім болмаған адам түсінбейді.уйде екі баласына шыдай алмаған ата -ана мұғалімдерді айыптауға болмайды, қаншама оқушыға шыдап отыр , əкесіз өсіп келе жатқан оқушылар мұғалімдерді тыңдамайды көбінесе

марат

Негізі мұғалім білімді ,беделді болу керек! Дәрменсіздік танытпай оз жұмысына тиянақты болса ғана силы болады. Сонымен бірге қазіргі атаналардың көбі жап-жас шетінен білгіш(өздерінше)бірақ міндеттерін білмейтін,құр даурықпа сөз,надандықпен айқайласу осындай ата-аналар 70-80 пайызды құрайды. Оларды біріншіден:балаларына тәрбие бермей отырған жағдайда жұмыс орындарынан талап ету керек!Егер өз баласын тәрбиелей алмаса одан қандай басшы,қандай жұмысшы шығады.Қызымет бабын пайдалануды қою керек! .Ең бірінші баласының тәрбиесіне үңіліп қарап,қадағалау керек.Мұғалімдердің статусын заңды түрде көтере білу керек.Бейшара күйде көрсетудің қажеті жоқ!

Нұржан

Жақсылығын айта алмайтын, айып қылса айқайлайтын адам баласымызғой. Адам баласының іргетасын ата-ана қалайды, ал ұстаз келесі процестерді атқарады. Яғни үйдің іргетасы әлсіз, салынса, жоғары жағын, қабырғасын, шатырын, іші-сыртын мың жерден соңғы үлгідемі материалдармен әсемдегенімен, жылтыратқанымен ол үйдің іргесі үгітілсе барлығы көк тыйын, бір күні құлайды емеспе ағайын. Сондықтаанда ата-анаға көп нәрсе байланысты.

Ұлжалғас

Жас маманның өзі кешегі оқушы екенін ұмытпайық

Айымжан

Мен мектепте кырық жыл ұстаздық еттім. Мен алғаш ұстаздық жолымды мектеп интернаттан бастадым. Балалар ата-аналарын сағынады ондайды мен қатты түсінемін. Өзімді солардың орнына қоямын да балаларды ішіме тартамын.Жақсы көремін. Одан кейін жетім балаларға арналған мектеп интернатқа ауыстым тек жұмысқа кешікпесем сөз естімесем деп тұратынмын,бірақ коллективтің аты коллектив өте қиын мұғалімдер болды үнемі тексеріс ішіп қойды жеп қойды сондай уақыт көп еді. Одан кейін 90 жылдардың ауырлығы келді.Кедейшілік,жұмыссыздық,нағыз жоқшылық уақыт басталды.Жалақы алмайтынбыз газ,жарық дегендерді 1 сағатқа ғана беретін.Дүкендерге қарызға кіретінбіз.Сәл кешіксең пәленше деген қарызымды әкеп берсін деп қанша адам бар 60-70 адам бар ма соның бәрінен сәлемдеме айтып жіберетін. Ең төмен адамға санайтын. Жұмыс істедік сол уақыттардан бері бір честный жұмыс істеген директор көрмедім әйтеуір зейнетке шыққанша шыдадым,өйткені барлық билікті директорларға беріп қойған жұмысқа алады шығарады ақшаны көбірек берген мұғалімді өтірік мақтай салады қолынан іс келетін мұғалімдерді мысалы еуроремонт,полясы бар немесе лаборант вахтер сияқтыларды жақсы пайдаланады.Полясынан шөп түсіріп береді,еуромонт үйін істеп береді вахтерлар огородын жөндеп береді кейбіреуі мариновкасын істеп береді. Директорларды жиі ауыстыру керек ол аз болса бір бір тыңшылары бар.Директор,завуч дегендер сабақ өткізбейді ғой балалар бос отырады бос отырған оқушылар төбелеседі де жатады. Директорлар ақшадан өлген қай жерде замен 0,5 тар бар әйтеуір анаған мынаған жазып қояды сенімді адамдары бар осындайларды көріп тұрып шыдай алмайсың оқушыны ешкім кіналамасын оқушы жас қайыңдар сияқты қазіргі жастар мектепте жүреді 3000000 алады біз сияқты қиыншылық көрген жоқ сөйтіп отырып оқушылармен ерегіседі,тіпті баламды сабаққа жіберсемде үйде тыныш отыра алмаймын.уайымдаймын қай мұғалім зекіді ұрып жіберді екен деп бір күні балам ренжіп келді ана тәтей физикадан беретін ақшаң жоқ болса айт мен ақ алып берейін дәптерді деген ғой содан мектепке барып аяған жоқпын мен де айлығың көбейіп қалдыма қақырықтай балаға неге айтасың деп.мектепте балаларды кемсітетін мұғалімдер бар сондай кезде орнына қоямын. Мені ешкім үйреткен жоқ мен де әкесіз өстім интернатта. Әке шешені бауырды сағыну дегенді түсінемін адам қатігез болмау керек балаларға мейірімді көп беру керек онсызда адам адамды аямайтын қатал өмір.Алғаш бала кезімде Махаббат қызық,мол жылдарды оқып кітапты сүйіп іздеп жүріп оқитын бодым.Қан мен терді оқығанда Ақбаланы аяп жылағанмын.Қырғыздың Ақмөөр деген киносын көріп керемет жылағанмын әлі есімде кейін үлкейгенде үнді фильмдеріне қызығып өстік. Сіздер ойлаңыздаршы С.Мұоатбековтың Жабайы алма, О.Бөкеев,М.Мағауин,Ә.Нұрпейісов.С.Жүнісовтың Аманай мен Заманай үйде балаларға оқытсаңыздар балада жаныашу,үлкенді сыйлаұ,имандылық тәрбиелерді бойларына сіңіріп өседі. Бала кімге қарап өседі ата-анаға ұстазына. Сол үшін баланы ұрып жіберген ұстазды мектептен қуу керек. Істемесін ол сабағын бере алмаса баланы ұратын болса орнын басқа жерден іздеу керек деп ойлаймын.Кейбіреулер әшейін ақ зарплата алып ақшаға шомылып жүр.Норка шуба,кірпік жабыстыру,тырнағын жалғап келұ,өлгенше дуһи сеуіп келу,әртүрлі цвет аяқ киім киіп келуде мектепке лайықсыз.

Айымжан

Мен жазып отырған себебім мүмкін кейде ешкімге ұнамауы мүмкін көп болып жатқан жағдайларды көріп естіп отырсаң жағаңды ұстайсың не болып кетті өмір дейсің өсіп келе жатқан балаларды немерелерді аяймын ұлттық құндылықтарымыз қайда? Ойланыңыздаршы құрметті ағайындар,ұстаздар жалғыз ағаш орман болмайды жалғыз адам кіммен күреседі өткен тарихқа көз жүгіртейікші өзімнің жағдайым жақсы болса болды деп жүре беругё болмайды қоғам азып бара жатыр мектептегі балаларды кінәлай берудің қажеті жоқ дөрекі сөйлеуі мұғалімнің соған жеткізуі шаңқылдаған даусы,өзінің күші жетпеген соң директорға,құқықтық завучқа жүгіреді немесе кешігіп келеді бала өз бетінше шуылдап жатады мұғалім өз бетінше біресе кіреді біресе шығады жас кезімізде директорымыз сенің сабағыңа ешкім кіре беруге тиіс емес деп түсіндіретін психолог,еңбек мұғаліміне сынып бермейтін. Мұғалімге артық сағат жазып қояды,ал ол мұғалім не істейді директормен жақсы болған мұғалім 5 күнге сұранып кетсе де оның зарплатасы жүріп тұрады. Одан кейін мектепке ай сайын взнос мың теңгеден тастайсың бүкіл мектеп мың теңгеден ремонтқа жинайды қайда дым жоқ сол қалпы әсіресе ҰБТ бүкіл мұғалімнен жинатқаны ше? мектептің рейтингісі үшін деп содан кейін неге директор сағатты өзі бөледі қалаған адамдарыңа береді. Мен сенемін Бердібек Сапарбаевқа бірақ ол кісіде жұмсақтаума деймін ротация болады деген. Жабысып қалған жабыспақтарды ауыстырса екен. Мен ашық айтамын честный директор көрмеппін. Ұят ай десеңші аудандық білім бөлімі мен бас бухгалтерлерінің істегендері өлдіме енді болмаса өліпті сұрауы жоқ ақша деді ме екен. Аудандық білім бөліміне бара алмайсың, өйткені бухгалтеріміз көрсе бітті былай дейді ғой сіздің пәленше деген мұғаліміңіз жүр ғой не үшін жүр дейді ғой. Аристократтар өздерінше. Мен су ішкен құдығыма түкірмеймін үкімет ақшаны бөліп жатыр бәрі жақсы болсын деп соны аяйды ғой. Қалталарына басып. Мұраға ата бабасы тастап кеткенсіп.

Сәнім

Әлі директорлардың ставкасы бар адам алу үшін директорлар байымағанда кім баииды оны біреу тексеріп жатыр ма ақшамен жұмысқа кіргенін президенттің кадрлық резервтерін қою керек. Адалдық сағатын не үшін өткізеді. Егер көз алдыңда көріп отырсаң ол мен беріп кірдім деп айтпайды.

Сәнім

Осы неге директорлардың ставкасын беріп тұрады деп айтады. Осыған таңқаламын. Сол ма коррупциямен күрес. Құдай үшін осы директорларды жиі ауыстырыңыздаршы. Мектептегі мұғалімдердің үстінен анонимно оқушылардан сауалнама алады. Сондай заң барма? Мұғалім статусы уже бұзылып тұр ғой осындай оқиға болған және нравится не нравится какой учитель деген өтірік сауалнама мынандай оқушыларға 5 қоясыңдар ол Алтын белгі алу керек деп заставить етеді негізінде таза 3-тің балалары олар. Белден басып өзіне ұнаған мұғалімді үнемі мақтап басқаларды жерге тығып отырады. Неге бір ауданда жас мамандарға 3000000 береді кей аудандарда бермейді мысалы Мерке ауданында берілмейді өткенде жас маман дәрігерлер шу көтерді ғой.

Сәнім

Мектеп директорларының жалақысы өседі дегені онсызда жағдайлары жаман емес қой мұғалім емес балаларға 40 минут сабақ береді болды қалған уақытта бос еңбек балалардың өздерінікі жаттайды,есепті шығарады, мұғалімнің жақсы атақ алуына оқушы үлкен еңбек қосады. Кейде әшейін жүрген мүғалімдерді қөреміз

Алима

Педагогтарға арнайы медаль тапсырылады дейді, Жыл мұғалімі-2020 10мың не екенін түсінбедім әйтеуір не үшін кімдерге беріледі ол ақша оны алатындар кімдер ол жоғарғы жақтың таныстары жынды болыппа жай мұғалімге ұстата салып мен зейнетке шығып жатырмын мені бір адам ауданнан болсын басқа жақтан болсын құттықтаған жоқ,тек коллектив азын- аулақ сыйлық гүл берді. 40 жыл мектепте жұмыс істедім. Мектеп-білім ордасы Тұңғыш Президентіміз жылы,жарық ішінде суы бар,дәретханасы бар ауласы тап-таза,спорт залы бар мектепте білім алсын қазақ балалары. Сол Президентімізді (Шал кет) деп айқайлайды шалғай ауылдарда газ бар, халық үшін жанын аяған жоқ,уақытын аяған жоқ.Сол кісіні солай айтуға кімнің қандай қақысы бар. Ол кісінің жанында біз кімбіз. Сондай сөз жазғандардың балалары мектепте оқиды тарих сабағында Еліміздің тұңғыш Президенті деп оқылады. Біздің Президентіміз біле білсеңдер қаншама жұмыс атқарды. Абай атамыз дәл айтқан қазақ халқын құртқан күншілдік, етектен тарту,өсекшілдік.

Сәнім

Әр дүйсенбіде 3 сабақтан кейін линейка болады. Сонда тәрбие завучы былай дейді ғой астыңғы этажда ящик тұр соған салыңдар ұнамайтын мұғалімдер туралы жазатындарыңды коридорда тұрған мұғалімдердің суретін сызғылағанша мұны айтып тұрған тәрбие завучы бұған адам күлеме жылайма. Аймағамбетов білім реформасына енгізіңіз ұлттық салт-дәстүрімізді,ырым-тыйымдарды, тарих пәні Қабылдиновтың жазған таоих кітабы ұнайды маған содан кейін биылғы 9 сыныптың Дүние тарихы,Қазакстан тарихы, Құқықтану ұнайды осыны пайдалана отырып рахмет айтқым келеді және мен бала бір тақырыпты түсіну үшін бор мен тақта жетіп жатыр. Сонымен ақ мен болған оқиға терминдер мен даталарды беріліп ақ түсіндіремін. Жаңартылған білім мазмұнына сонша уақытымды кетірмей ақ.

Пікір қалдырыңыз

×