Өлең, жыр, ақындар

AmazonGo — кассасыз және кезексіз әлемдегі тұңғыш дүкен

Amazon компаниясы сауда төлемімен байланысты кассалық терминалдар мен кезектерден толықтай арылған болашақтағы супермаркеттің жобасын ұсынды.

Сиэтлде дүкеншісі, кассасы және кезегі жоқ Amazon Go алғашқы офлайн-дүкені ашылады.

Amazon Go 2017 жылдың басында ашылады, қазіргі таңда Amazon қызметкерлеріне бета-тестілеу бағдарламасында жұмыс істеп тұр.

Америкалық ритейлердің ресми сайтында хабарланғандай, дүкенде жүргізушісіз автокөліктерде қолданылатын технологиялар – компьютерлік «көру», фьюжн-датчиктер мен терең оқыту қолданылады.

Дүкенге барар алдында Amazon Go тегін қосымшасын орнатып, тіркеуден өту керек.

Тіркеуден өткеннен кейін дүкенге кіріп, азық-түлік ала беруге болады.

Оларды сөмкеңізге де, қалтаңызға да сала аласыз.

Программаның мәні, адамның әрекетін сауда залында қай тауарды алып немесе қайта орнына қойғанын автоматты түрде бақылау.

Сөреден алынған әр тауар сіздің шотыңызға автоматты түрде қосылып отырады.

Төлем дүкеннен шығарда жүргізіледі.

Сауда сомасы шотыңыздан автоматты түрде алынады.

Бұл қалай жұмыс істейтіні жайлы толығырақ...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Арман

Бізде бəрін тонап кетер ))) Бірақ керемет ойластырылған! Магнумға кірсең кезекте 10-15 минут тұрып қаласың, одан кейін кассада сонша уақыт. Мынаны ойлап тапқан адам гений екен!

Есімхан

Интроверттер үшін жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер