Өлең, жыр, ақындар

Грецияда ежелгі жерасты қала табылды

Гетеборга швед университетінің археологтары Афинадан солтүстікке 300 шақырым жерде ежелгі жерасты қаланы тапты.

Ғалымдар гректің Кардица қаласына жақын маңнан табылған бұл қала антикалық тарих жайлы көрінісімізді біршама өзгертуі мүмкін дейді. Бұл туралы Independent жазады.

Зерттеушілермен табылған кейбір артефактар жердің бетінде орналасқан. Көбіне бұлар қабырғалар мен іргетастардың бөлшектері.

Арнайы радардың көмегімен археологтар жер астында орналасқан тарихи артефактарды зерттей алды.

«Осы аймақта жүргізілген қазбалар жайлы бізде мәлімет жоқ», — деді зерттеушілер тобының бір мүшесі Робин Ренлунд. Сонымен қатар, ол командасымен табылған жерасты елді мекенінің қалдықтары антикалық дәуірде Кардицаға жақын жерде бұрын есептеліп келгендей ауылдар емес, үлкен қалалар болғанын көрсетеді деп есептейді.

«Біз қазба жұмыстарын жүргізуге әлі кіріскен жоқпыз, алайда жер астында не бар екенін шамамен көрсететін мәліметтеріміз бар. Мысалы, біз тармақталған көшелерді көре алдық», — деді Робин Ренлунд.

Грек-шведтық Vlochos жобасының Кардица маңындағы археологиялық дала жұмыстары 2017 жылы жалғасын табады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар