Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
ПДТ 3-4 жас
Уақыты: 09.04.2015
Тақырыбы: Үй жануарлары
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Сабақтың мақсаты: а) Түзете – дамытушылық: Үй жануарлар және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру. Үй жануарлары туралы мағұлмат беру. Балалардың ұсақ моторикасын және сенсорлық қабылдауын дамыту. Есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.
ә) Тәрбиелік: Үй жануарларға деген сүйіспеншіліккке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарлардың, төрт түлік малдың суреті, дыбысталуы.
Іс әрекет кезеңі |
Педагогтың іс - әрекеттері |
Балалардың іс -әрекеттері |
Мотивациялық – дамытушылық |
- Сәламатсыздар ма .... - Қалдерін қалай? - Көңіл күйлерін қалай? Шаттық шеңбері Көктемде, көктемде, Күн нұры төккенде. Қар еріп, ақты су, Жоғары тарты бу. |
Өздерінің көңіл күйлерін айтады.
Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберін қайталайды. |
Ұйымдастырушылық - ізденіс |
1.Әңгіме жүргізу. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар көктем. Көктемнің айларын атаңдаршы. Өте жақсы. Жарайсыңдар! Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы? Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, жылқы, түйе қой, үй жануарлары, төрт түлік мал деп аталады. ЖЫЛҚЫ- ірі, өте дәмді жануар, жеті қазынаның бірі, киелі мал. Ол – кеуделі, күшті жануар. Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді. Қымыз-биенін сүті өте шипалы сусын. ТҮЙЕ-төрт түліктің ішінде ең ірісі және ауыр салмақты жануарлардың бірі.Түйе күй талғамайды, басқа жануарлар жей алмайтын тікенекті, қатты өсімдіктермен қоректенеді, арқасына май жинайды, оны “өркеш” деп атайды. Шұбат-түйе сүті, өте шипалы сусын. Түйенін еті, жүні, шұбаты адамға қөп пайда әкеледі. СИЫР-кеуделі, айыр тұяқты, адам баласы алғаш рет қолға үйрете бастаған жануарлардың бірі. Сиырдың еті мен сүтінен өзге оның терісі де жақсы бағаланады. Былғарысынаң неше түрлі бұйымдар жасалып, киімдер тігіледі. Сиырдың сүтінен шалап, айран, қатық, құрт, қаймақ, ірімшік жасайды. ҚОЙ– үй жануарлардың бірі. Қой еті дәмді әрі тамақтығы мол. Қой сүтінен май алынады, ірімшік, құрт жасалынады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон, ішкі аяқ киім де тігеді. Алайда үй қойы беретін өнімнің ең құндысы – олардың жүні. Одан пима басып, кілем, киім, мата тоқиды. 2. Боямақтарды боя. 3. Ойын «Кім шапшан» Шартты: Балаларға жасырылған суреттерді тығып қояды сол жасырылған суреттерді табуы керек |
Балаларға ой тастау.
- Көктем.
- Наурыз, Сәуір, Мамыр.
- Ағаштар бүршік атады.
- Балалар дыбысты тыңдайды.
- Қойдың, Сиырдың, Жылқының, Түйенің.
- Үй жануарлары.
Балалар қызыға тыңдайды.
- Берілген суреттерді бояйды.
Балалар педагогпен қызыға ойнайды. |
Қорытындылау Рефлексивтік түзету |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау. Балалар Үй жануарлардың төлдері қалай аталады. Балаларды мадақтау. |
Балалар жауап беруге тырысады. |
Күтілетің нәтиже:
Үй жануарларын, төлдерін, атауларын біледі;
Төрт түлік малдың дыбысталуын, суреттен көрсете алады игереді;
Төрт түлік малды ажырата алуды, маңыздылығын, күтіп бағуды, баптауды меңгереді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі