
Тегін кәсіптік білім беру бойынша Алматы қаласының колледждерінде 57 мамандық енгізілмек.
«Шет тілін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану» тақырыбымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға жоғары оқу орындарының ректорлары мен ұстаздары жиылды. Ниеттеніп, оқимын деген жастар еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеуші, темір, ағаш жону шебері, автомеханик, құрылыс пен сауда, менеджер мен туризм мамандықтарында білім ала алады. Қазірдің өзінде әр колледж 100-ге жуық шәкіртақы бөлуге дайын.
«Тегін кәсіби техникалық білім беру үшін мемлекет өз тарапынан оқуына да, жатақханасына да, барлық оқу құралдарына да түгел қаражат бөлініп жатыр. Бұл өте үлкен көмек. Себебі біздің мына ауылдан келген, қаладағы көп балалы отбасыдан шыққан адамдарға, әлеуметтік жағдайы орта, төмен адамдарға үлкен көмек. Сондықтан біз үшін бұл үлкен жауапкершілік», - деді Алматы қаласы колледждер қауымдастығының төрағасы Жантілеу ӘЗІСХАНОВ.
Елбасының халыққа Жолдауында көрсетілген жоспарға сәйкес, 5 жылдық кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керектігі айтылды. Елімізде 29 жасқа дейінгі 320 мың ауыл жастары техникалық мамандықпен қамтылатын болады. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында 2017-2021 жылдары тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы жүзеге аспақ.
Еске сала кетейік, биыл 21 мыңнан астам қазақстандық тегін кәсіптік білім алады деп хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: Алматы телеарнасы

Кəсіптік тегін білім алу- қуантарлық жағдай!
Алматы қаласының қай жерінде бұл оқу орны?
Өскемен қаласында қай жерінде бұл оқу орындар бар екен?
Оқуға қашаннан бастап қабылдай ды автомеханиктерге тегін ба оқу
Шаштараз немесе Аспаздык мамандыктар барма
салеметсізбе мен көп балалы ана едім қызым ЕНТ тапсырмады тегін жоғары оқуына кіре алады ма көмек бересізбе
кандай мамандыктар бар?30-35жас аралыктарындагы адамдарга оку мумкундиги барма?
Алматы қаласының қай жерінде? автомеханик пен автоэлектрикке түсем деп едім!https://vk.com/id390291396
Мен Актау каласынанмын. Осы тегін білім бойынша Цонға жұмыспен қамтуға барсам ондай оқу жоқ деді. Ақтаудағы барлық колледждерге барып сұрасам неге ешкайсысы білмейді. Кандай заң ол деп сұрайды. Енді кімге баруым керек түсінбедім?
алматынын кай жерінде бул оку қалай баруға болады
алматыда қандай тегін колледждер бар болса айтыңыздаршы өтініш
Торт баланын анасымын,жасым 30-да,аспаздык окыгым келеди,окуга мумкин бар ма?
Актау каласында кай жеринде бар аспаздык оку
Алматыда қандай оқу орындарында шаштараз мамандығы бар
Шаштараз мамандығын курс оқып үйреніп алса болатын шығар