Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, экономиканың қажеттілігімен байланыстырылуы керек екендігін атап өтуде. Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7–бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет» дегеніндей, қазіргі кезде Республикамызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсыруымен кәсіптік және техникалық білім берудің жүйесі жаңғыртылып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру жүйесіне енгізілген түбегейлі өзгерістер білім берудің мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас туғызады. Қазіргі ғылыми – техникалық үрдістің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған орай, ең бірінші, әлемдегі алдыңғы қатарлы өркениетті, бәсекеге қабілетті елдермен терезе теңестірудегі тұлға – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру. Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Тәжірибе барысында болашақ маман өзінің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін жинақтай бастайды.Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»,- деп Елбасымыз атап көрсеткендей бүгінгі күні егеменді еліміздің дамыған отыз елдің қатарынан көріну үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек.
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі – облысымызда кәсіптік-техникалық білім беруде көш бастап келе жатқан, білімді де білікті ұстаздар қызмет атқаратын, кәсіби маман даярлауда тәжірибесі мол, іргелі оқу орындарының бірі. Мұндағы басым бағыттың бірі еңбек нарығына қажетті маман даярлау болып табылады. Колледжде 10 мамандық бойынша білім беріледі. Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық база құрылып, кабинеттер, зертханалық бөлмелері, шеберханалары талапқа сай жасақталған. 2 мультимедиялық-лабораториялық кабинетпен, 8 аудитория интербелсенді тақтамен, 100-ден аса компьютермен, замануи аудио-видео құралдармен, автоматтандырылған кітапхана жүйесімен, Интернет желісі және Wi-Fi нүктелерімен жабдықталған. Колледжде соңғы екі жылдың ішінде заман талабы мен еңбек нарығындағы сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылды. Атап айтқанда: «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі» және «Автогрейдер машинисі». Болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру – басты мәселе. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындардағы байланыссыз білікті маман дайындау мүмкін емес. Болашақ мамандардың кәсіптік жарамдылығы өндірістік оқыту барысында байқалады. Олардың көбі өздерін жан-жақты көрсету барысында жұмысқа орналасуға жолдама алады. Сонымен қатар болашақ жас мамандарда жауапкершілік және өз бетімен шешім қабылдай білу қасиеттерімен қатар өндірістік машық кезінде өз-өзін ұстауы, тілдесе білуі, сыртқы келбеті, киім киісі де маңызды роль атқарады.Мамандыққа және жас маманға қойылатын талаптарды меңгерген әрбір маман өзінің жұмысқа икемділігі мен мүмкіндігін, оған жауап бере алатынына көз жеткізіп орналаса алады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты мақсаттардың бірі: «Қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру». Осыған орай біздің алдымызда бүгінгі күні қоғам қажеттілігіне сай мамандарды даярлау міндеті тұр. Әрі ол мамандарымыз бәсекеге қабілетті, қазіргі өндіріске бейімделе алатын тұлға болуы қажет. Оқытуды өндіріспен байланыстыруды келесі кескіндерде қарастыру қажет.
- еңбек нарығында дайындалатын мамандарға деген сұранысты ескеру;
- оқу орындарының материалдық-техникалық базасын және оқу-әдістемелік кешенді қазіргі замануи талаптарға сәйкес нығайту.
- оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау;
- серіктес ұйымдармен, потенциалды жұмыс берушілермен байланыс орнату.
Бүгінде кәсіби білім беруде дуальдық оқыту ұғымы халық арасында таныс болып қалды. Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе кәсіптік білім беру саласына батыл еніп келеді. Дуальдық жүйе дегеніміз, білімгер-түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады. Дуальдық жүйенің негізгі мақсаты – осы заманғы еңбек нарығындағы жедел өзгерістерге бейімделетін, бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау мен қайта дайындау үрдісінде жұмыс берушілер мен кәсіптік маман даярлау оқу орындары арасында әрекеттестік жасау болып табылады. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде дуальдық жүйенің алғашқы тәжірибесі 2014-2015 оқу жылында 1114042 – «Электргазымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша басталды. Оқу орны дуальды оқыту жүйесі экспериментін оқу-тәрбие процесіне енгізді.Колледждегі дуальдық оқыту тәжірибесі дәстүрлі сабақ беруге қарағанда өз басымдылығын көрсетіп, теориялық пен практикалық даярлықты қатар алып жүруге жағдай жасады. Дуальды оқыту жүйесін енгізу үшін Талдықорған қаласындағы «Мақсат», «ТК Метакон», «ТК Интеграл» ЖШС-мен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қойылған соң әлеуметтік серіктестердің талаптарын ескере отырып «Дуальды оқытуды жүзеге асырудың Ережесі» жасалды. Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша арнайы пәндердің және оқу тәжірибелерінің тәжірибе сағаттарының 60% мекемеде өткізу жоспарланды. Бірлестік оқытушылары тәжірибелік тапсырмаларын өндірістік спецификалық іс-әрекеттерін ескере отырып, жұмыс бағдарламалары, оқу жоспары бойынша мекеменің білікті мамандарымен келісе отырып құрды. Өндірістегі сабақтардың өткізілуіне, студенттердің қатысымы мен қауіпсіздігіне топ жетекшісі, дуальды оқыту жүйесінің енгізілуіне жауапты колледждің өндірістік оқыту шебері және мекемеден белгіленген оқу шеберіне жауапкершілік жүктеледі. Дуальды оқытуды жүзеге асыру туралы келісімшарттар негізінде 2015 жылдың қыркүйек айында – «Электргазымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Диханбаев А.М. «ТК Метакон» акционерлік қоғамы базасында өндірістік тағылымдамадан өтті. Қорытындылай келе оқу үдерісінде дуальды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін нәтижелері де аз емес дегім келеді. Олар:
- теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;
- түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін табады;
- оқу орыны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;
- жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальды оқу - жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады;
- дуальды оқу жүйесімен оқыған оқушы белгілі құзыреттерді меңгерген кәсіби маман болып қалыптасады.
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі жеке тұлғаны әлеуметтік – экономикалық бағытында дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында зор үлес қосуда. Біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып келеді.Колледж түлектері бүгінгі таңда облыстың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.
Самалбаев Бақыт Бекенұлы
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің
директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айгерим
Мен Касиптик билим мамандыгын битирип едим бирак мамандык бойынша жумыс жасамадым. Оз мамандыгым бойынша жумыска орналасып мамандыгымды шындагым келеди. Касиптик билим беру мамандыгын накты зерттесем деймин.
Молдир
Жалпы бул мамандык бойынша жумыс жасау жане табу киынга туспейме
Арай
Мен кәсіптік білім мамандығын битирип едим али жумыс жасамадым арнаулы орта мектептерде жумыс жасауға болама кандай паннен
Менде касиптик былым беру мамандыгын бытырдым .мек
....